Ерекше үй тапсырмалары

Ерекше үй тапсырмалары
жеке
блог

      Сәлем, Достар! Көріспегелі көп болыпты, ә?... Массагетті, Массагеттіктерді сағынып та қалыппын...

           Блог жазуды да сағыныппын. Бүгін біреуге қызық, біреуге қызық емес блог ұсынғалы отырмын. Кітап, материалдар толы "сандығымның" ішінен ерекше екі парақ тауып алдым. Ол парақтар әпкем - Мираның 11 - сыныптағы мектеп күнделігінің екі парағы, оқушы күнінің бір аптасы, алты күні. Мектепті бітіргендеріне қатты қуанғандары болуы керек, шамасы. Қуаныштан билеп кеткен әріптермен толтырылған 25-мамыры бар аптаның сабақ кестесіндегі алты күннің үй тапсырмаларын тіпті ерекше. Сұрасам, жалғыз әпкем емес, құрбылары да солай толтырған екен кезінде. Сонымен, өздеріне өздері тапсырма беріп, баға қойып, мұғалімдері үшін қол қойған қызықты екі парақты Сіздер де оқи отырыңыздар. М-ның, Н-дың, Б-ті дегендер сол пәнді оқытатын мұғалімдердің есімдері. 

с

(күн атауы, пән атауы, үй тапсырмасы, бағасы) 

Дүйсенбі

Қазақстан географиясы – Тауға шығып – түсу (1+, 3+)

Жалпы тарих – Бебель мырзамен сұхбаттасу (+5+)

Химия – Шойынды қорытып, домна пешін әкелу

Алгебра – М-тың қос бұрышының қосындысын табу (+2+1)

Руский язык – Союздар ойлап табу (5)

Қолданбалы экономика – Н-дың нарықтағы бағасы (5)

 

Сейсенбі

Физика – Әркім өзінің үдеуін табу (2+3)

Геометрия – М-ң ауданын табу

Литература – «Журавлиді» шығармау

Қазақ тілі – Сөздік құрап келу (5)

Құқық – Б-ті соттау (2+3)

Қолданбалы экономика – Н-дың қаржысы

 

Сәрсенбі

Химия – Өзіміздің периодтық жүйемізді құру (-1+6)

Алгебра – Есеп ойлап табу

Тарих – Орыс – Жапон соғысын тоқтату (5)

English – Task «Everyday under the desk»

Дене – Ойын ойлап табу (3)

Дене – 500 км-ге қолмен жүріп, барып-қайта келу (5)

 

Бейсенбі

Физика – Ғарышқа ұшып, ондағы үдеуді табу (5)

Алгебра – Формула ойлап табу (5)

Химия – Металлургия зауытына саяхат (5)

Тәнтану – Жүрегіміздің қабын әкелу (5)

Өлкетану – Өлкемізді айналып келу (4)

Әдебиет – Махамбеттің өр ақын екенін дәлелдеу

 

Жұма

Қазақстан тарихы – Аңырақай шайқасына бару (5)

Алгебра – Пифагормен сұхбат (4)

Қазақ тілі – Төлдеу сөз (2)

География – Каспийге шомылу (4)

Еңбек – Тау тоқу (4)

Еңбек – Сұлы жеу (+5)

 

Сенбі

Сызу – Үй салу (5)

Әдебиет – Бейнелеу (2)

Еңбек – Еңбектеу (5)

Тәнтану – Ішек-қарын аршу (4)

Физика – Секірмеу (5)

Руский сызу – Язык животных (5)

          Осылай... Қызықты, әрі көңілді "апта" аяқталды.

        Әпкем екеумізді де мектеп кезінен бастап-ақ қияли дейтін. Сол қиялилығымыз біздің қолға қалам алдыртып, әлдебір нәрселер түртуге әкелді. Жазып жүргеніміз қаншалықты жақсы, дұрыс, ғұмырлы екені Аллаға мәлім. Өзімді білмеймін, алайда, сол әпкемнің қазақ әдебиеті, соның ішінде қазақ балалар әдебиетінде өзіндік орын аларына сенемін, Алла қаласа...