Мен неге қызығам?

Мен неге қызығам?
жеке
блог

    Ақниет Балтановадан эстафета тізгінін қабылдадым. Менің қызығушылығым... Тәәәк, әр адамның   өз қызығушылығы, қызыға істейтін ісі болады. Олай болса менікі қандай істер?

1. Кітап оқу

Кітап оқу

Кітап оқыған ұнайды өзіме. Әсіресе, бұрыңғы кездер туралы. Сол кездегі серілік, соғыс жылдары, соғыстан кейінгі өмірді бейнелейтін тақырыптар. Мұхтар Мағауин, Оралхан Бөкей, Әзілхан Нұршайықов, Зейтін Ақышевтың, Ақселеу Сейдімбетовтың шығармаларын оқыған әсіресе.  Бірақ, кітап оқымағаныма 1 айдай болып қалыпты. Оқымай кеткен кезде өзімді жаман сезіне бастаймын.. Қазір сондай күйдемін... Дым білмейтін адам сияқты сезімде боласын.. Поэзия ұнайды және..

2. Кітапханаға бару кітапхана

Айына бір  облыстық кітапханаға барып келуге тырысамын. Журналдарды, газеттерді бір ақтарып шыққан ұнайды. Керекті, қызықтыларын оқимын. Ол кездегі әсерімді айтып жеткізе алмаймын.

3.  Волейбол ойнау

Волейболды күнде ойнамаймын әрине, анда - санда.. Бірақ қатты ұнайды , жанымды берем)) Ал, күнделікті жаттығуларды жасап тұруға тырысамын.

волейбол

4. Музыка тыңдау, ұйықтау. Ұйықтаған ұнайды, несін жасырам)  

ұйқы

 5. Сурет салу.  Сурет салған ерекше ұнайды. Бос уақытымда салып, жеңілдеп қалған жақсы!)) Мен салған сурет

6. Күнделік жазу, жалғыз серуендеу. Кино көру, әсіресе Шакрукх ханның). Театрға бару, шығармашылық кештеріне қатысу, яғни көрермен ретінде)

ШАКРУКХ ХАН

7. Инетте отыру әрине. Одан бас алмаймын)) Әсіресе, Фейзбуктан.. Қатты ұнайды, уақытымды алады шығар, бірақ онсыз жүре алмаймын..

фб

Айта берсем шыға береді, бастылары осылар))