Радио...телеарна...блогқұрылтай!

Радио...телеарна...блогқұрылтай!
жеке
блог

          Бүгін Қарағанды қаласының «Текс» радиосы мен «Новое телевидение» телеарнасының «Сәтті күн» бағдарламасында қонақта болдым. Әңгімеміз «Блогқұрылтай-2015» аясында өрбіді. Қызықты әрі пайдалы сұхбат болды деп ойлаймын. Жүргізушілер - Индира Жанұзаққызы мен Асылхан Мейрамның шеберлігіне тәнтімін. Тікелей эфирде әрі сөйлеп, әрі сұрақ алмасып, әрі қоңырауларға жауап беріп, дауыс құрылғыларын басқару –айтуға оңай болғанымен, көзбен көргенде басқаша екен. Журналист үшін жылдамдықтың қаншалықты керек екеніне тағы көзім жетті.

            Блогқұрылтайдың өту деңгейі, қозғалған мәселелері мен ұсыныстары туралы, блог жазудың пайдасы сияқты біршама тақырыптарды шама-шарқымыз келгенше қозғадық. «Қонақкәде» айдарында қонаққа келген кісі өз мамандығы бойынша өз сыйын тарту етеді екен. Әнші ән айтады, ақын өлеңін оқиды деген сияқты...мен бүгінгі ерекше кездесу туралы блог жазуға уәде бердім!)

            Достар, күн сайын «Текс радиосы (101,2) мен «Новое телевидение» телеарнасын көріңіздер, оның ішінде сағат 15.00-де «Сәтті күн» бағадарламасын тамашалаңыздар! Түрлі қызықты тақырыптар қозғалады. 8(7212) 911-111 нөміріне хабарласып, өз ойыңызбен бөлісуді де ұмытпаңыз!