Орда әміршісі

Орда әміршісі
жеке
блог

Құрметті оқырман, оқиға желісі автордың қиялынан туған. Романдағы кейіпкерлер аты таныс болса ол жай ғана ұқсастық!

  Еділ мен Жайықтың ортасында ораналсқан әф Бөкей ордасының бұл күндері ойпаттарының шыбындық жерлері көтеріліп тұрса, онтүстік - батысындағы Бэр төмпелері шоғырлана көрінеді. Бөкей ханның қайтыс болғанына жүз күннен ассада ордада қазаның белгісі әлі сезіледі. Хан ордасының бір есігінен шетелден келген ақсүйектермен ғалымдар кіріп жатса, бір есігінен шұбартыла шығып жатыр. Хан ордасының іші ханның жаназасындай адам қарасы толы. Сарай қызыметкерлері қонақтар алдынан бос тостағандарды алып үлгеруде. Қонақтардың алдына ет келгенде ордада тыныштық орнай қалды.

  Төрде, басында әсем таспен көмкерілген ақ кимешегі бар, ажарын әжім атты әжуә сызған сызықтар, иегі алға тартақан, көзі көк, сұсты қабағы жыйырылған , кұлағындағы күміс сырғасы, салалы саусақтарындағы алып жүзіктерінде  түрлі әсем оюға безендірілген, ендігі орданың басы Бөкей ханның бәйбішесі Тұраш отыр. Оның оң жағында Тұраштан туған Тәуке мен Әділ сұлтандар отырса, сол жағында ақ кимешекпен комзолға оралған тоқалдары Атан мен Шеркеш, одан әрі оның балалары Жәңгір, Жұмаданмен сотқар Мендігерей сұлтандар жайғасыпты. Орданың ішінде орыс пен қазақ тілінен басқа татар, қалмақ, өзбек тілдерінің үні естіледі. Бөкейдің елге жасаған абройлы қызметтерін талдап жатса керек, бір кез Әділдің жанында отырған орданың атақты жырауы Жанұзақ орнынан тұрып былай деді:

Байларға құба жайлатқан,
Жарлыға мыңдап жылқы айдатқан,
Алтынды тақтың үстінде
Рақыметті Бөкей хан өткен, - дегені сол еді сол қанатта отырған Шеркеш орамалымен бетін жауып зарлы үнің шығарды

 - Ошағымның басы ең Бөкейім, сен де кеттің -ау, орнынды кімге аманат қылмақшысың енді?" - деп, молдас құрып отырған жерінде төмен қарай оралды. Шеркештің иелігінде төрт жас қызыметкер қыздар болатын, Күлбайдан, Гүлдеш, Дариға мен Сара. Төртеуіде дереу тоқалды айнала қоршап басу айтуда. Астан бас көтермей отырған қонақтар үстел басынан жай, қолдарын тарта бастады. Осы сәтте төрде отырған Бас ханым қолына қамшысын алып Шеркешке қарай беттеді. Бетін жауып еденге бас ұрып жатқан Шеркештің көздері бәйбішенің жақындай түскенің байқап дереу бас көтергені сол еді, Бас ханым дырау қамшысымен тоқалдың арқасынан осып - осып жіберді. Шеркеш ащы айқайға бас салғаны сол еді, төрт көмекшісі бәйбішенің алдына "мені ұрыңыз" -дегендей селт ете жата қалды. Тұраш ханым сабырлы даусымен:

- Төбеңнен тас жауса да, таққа жармасуынды қашан қоясын?!, Әй, Шеркеш Құдай көріп тұр, мында қанша көз куә, сенің бірде - бір ұлың таққа отырмайды. Етектің ұшында жүргеніңді көрейін әмеңгерлік барын ұмытпа. - деген сол еді. Шеркеш мойының қиқулата орынынан тұрып:

- Бас ханым, алдында кімдер отырғаның ұмытпаңыз! - деп даусын зер көтергенде Ханым қамшысың көтеріп Шеркештің аяғынан салп етті. Тізелерінде отырған төрт көмекші қыз дереу бәйбішенің аяғына жармаса кетті.

- Не қылсам рауа мынау қауменнің қан шелегіне а?, - деп орда бөлмесінен шығып кетті, оның артынан екі нөкері мен алты көмекші қыз көйлектерін сүйретіле шықты. Төрде Шәркеш әлі орнында тұр. Кеудесін кек өршіп барады, алдындағы ақсүйек аға - сұлтандардың арасындағы абройы су сепкендей жоқ болды деседі. Қан басқан ала көзімен қонақтарға бір қарап, балаларымен екінші тоқалды көзбен бір сүзіп, төрт нөкерімен сарайдан шығып кетті.

    Бұл аста болған шу сарайды әбден жалпып өтті. Сарай қызыметкерлерінің арасында қиқу әңгімелер жүре бастады. Бұлардың барлығы да Шәркештің құлағына жетіп отырды. Бәйбішесіне деген ызалық одан бетер болды.

   Хан әулеті ордасының аулалары кең, баққа толы болатын. Ағаш пен тастан тұрғызылған хан әулетінің зәулім сарайлары мұнтаздай таза. Шәркештің отауы бәйбішенің сарайынан төрт сарай қашықтықта болатын. Бұл күні сарайда қызу тіршілік қазанында қайнауда, сарай ауласында хан ұрпақтары бір - бірін қуаласып ойнауда, екінші тоқал Атан өте сабырлы да ақылды болатын. Бәйбішенің ақылшысы ретінде де кей  -кезде табылатын. Атан ханым бағбандыққа жақын әйел болған. Ұлы Жәңгірді оқуға аттандырап өзі оған хат жазып, хат күтетін. Бақшасындағы жеміс жидек, гүл туралы әңгіме қылғанды жақы көретін Атан үнемі төрт көмекшісімен сырасып жүретін. Бұл күніде Атан төрт көмекшісімен бағбанда жүріп көзі жүрісі сойқан салып келе жатқан Шәркешті байқады. Қабағы қатулы Шәршектің артында төрт көмекшісі мен сарайдың төрт - бес жауынгері  бір қызды ұстап сарай қақпасына қарай беттеп барады. Бір келеңсіз жағдайды сезіп тұрған Атан деру Шәршектің артынан аттанды. Қақпаға жақындай бергенде сырттағы у - шуды естіп лезде шыға бергенде ,сарай алдындағы шулы  халық қарасы көрінді. Бір кез Шәршек биік тапшанның үстіне шығып ащы дауыспен халықтың назарын өзіне қаратты.

- Халқым, Бөкей ханнан қалған тоқалдың бірі Шәркеш деген мен болам! - дегені сол еді халық "Білеміз, білеміз" - деп шу ете қалды.

- Сіздердің алдарына шығып сөз сөйлегелі отырған себебім мынау. Мына сұржылан - деп алып жүзік киген саусағымен әлгі қызға шошайтты.

- Менің халық алдымдағы аброймды нұқсандап жүрген жүзіқара. - қара халық шу ете қалды.

- Мен Шәршек, сендердің қамдарынды жеген, алдарына ас пен киім-  кешек тартқан Бөкей ханның екі ұлының анасымын. Екі Сұлтанды дүниеге әкелген анамын. Ау, халқым, менің сыртымнан өсек тасыған адамды мен жек көремін. Сондықтан сендердің алдарында мына көк сайқалдың тілін кесіп алмақшымын. - деп екі қолын бақсыларша аспанға көтергені сол еді, халық бірден "дұрыс, дұрыс" - деп гөө ете қалды.