Қыз бен жігіт махаббатты қалай сезінеді?

Қыз бен жігіт махаббатты қалай сезінеді?
жеке
блог

Сезімнің ұш-қиыры жоқ десе сенбеуші едім. Дегенмен барлық айтылған нақыл сөздер өмірлік тәжірибеден туындайтынын ескерсек, мұның да шындығы бар. Махаббат кез келген адамды әбігерге сала алатын құдіретке ие. Адам өзі білмеген жағдайда оттың арпалысына түсіп кеткенін сезбей де қалады екен.

Студенттік өмірімнің екінші курсында (Психология дәрісі болатын) ұстазымыз: "Нәзік жандылар эмоцианалды тұрақсыз болып келеді. Олар өз сезіміне тым қатты беріліп, кейде оны басқара алмайтын хәлге түседі. Ал ер адамдар керісінше барлығына төзімді әрі көп сезімге беріле бермейді", - деген болатын. Мүмкін көп бөлігі солай шығар ... Бірақ кімнің сезімі шынайы болса, жүрегі ақ болса сол эмоцияның бұралаңына түседі. Мұнымен ештеңе дәлелдегім келіп отырған жоқ. Жәй ғана менің жеке пікірім. Кім қаласа онымен келіседі, қаламаса өз сөзім өзімдікі. Айтайын дегенім, бұл менің жеке тәжірибемнен белгілі.

Қыздар кейде жігітінің ойындағыдай болмай шыққанына өкінеді. Неге осы жағдай тек онымен орын алғанын түсінуге тырысады. Біреулері ешкім жоқ жерде жылаумен болса, тағы біреулері жігітіне хабарласуға тырысады. Сезімнің арпалысы деп осыны айт. Қыздарға көбіне жігіттердің тек көңіл аударғаны керек. Тіпті маңызы жоқ кішкентай нарсе де оның қуанышына себеп болуы мүмкін. Ал жігіттер ше? Олар мұндай жағдайда нені сезінеді?

Жігіттің орайы басқа деп ойлайсыз ба? Мүмкін солай шығар? Бірақ оның сезімі тауды төңкеруге жететін күшке ие. Тек оны сыртқа шығарғысы келмейді. Кейде тым тұйық болып көрінеді. Ал ол қыздарға "сүймейді" деген сөзді білдіруі мүмкін ... Расында сезімнің тұрақтылығын сақтауға бірінші қадам басатын жігіттер болады десем ше? Оған қыздар келісе ме?

Адам өз тәжірибесінен алған сабағын, басқаша айтқанда, ұлан ғайыр сезімнің құпиясын арқалап жүретіні рас. Шындығында адам баласы өткенімен өмір сүреді. Ол қалай дейсіз бе? "Мен жаңа өмір бастаймын. Оны ұмыттым", - дейді. Бірақ ол сезім қайтып орала береді. Себебі біз оны санадан өшіріп тастауға қабілетсізбіз. Көрсек те көрмегенге аламыз. Білсек де білмейтін кейіп танытамыз. Өмірдің парадоксы деп осына айт ... Бірақ ол сезім бұрынғыдай емес. Ашу ... кек ... мүмкін, жек көрушілікпен жалғасын тапқан өзге сезім болар. Бұл да менің тәжірибемдегі дүние.

Бұл өмірде ғашық болып көрмеген адамдарға екі түрлі сезіммен қараймын. Біріне ғашықтық дүрбелеңге түсіп, қиналмаған жан деп қуана қарасам, тағы біріне шынайы сезімнің құдіретін сезініп көрмеген бейшара адам кейіпінде мүсіркеп қараймын.

Ғашықтар дейміз, сезімнің балын татып көргендер дейміз, сезіммен күресу кез келген адамның қолынан келе бермейді. Жігіттердің махаббаттағы тұрақсыздығы (қыздардың ойы) қазіргі қоғамда стереотип қалыптастырған сияқты. Көп қыздар сенуден қалған. Сенсе де үмітсіздікпен қарайды. Расында мұның осындай болуында біздің де (жігіттер қатары) үлесіміз бар болар. Дегенмен, ұғынатын бір жәйт, махаббат екі адамның арасындағы ортақ сезім болғандықтан, оған екі бірдей тұлғаның да қатысы бар екенін және сезімнің бақытты ғұмырға ұласуы немесе ерте айырылысуына екеуінің де белгілі бір мөлшерде себепті боларын түсінуіміз керек.

Өмір бір рет қана беріледі. Ғашық болыңыздар! Одан еш қорқудың керегі жоқ. Сене біліңіздер! Сенім арту да ерліктің бір белгісі!!!