Кезексөз: "Ерекше қызығушылығым"

Кезексөз: "Ерекше  қызығушылығым"
жеке
блог

Сәлем, достар! Маған «Ерекше қызығушылығым» деген эстафета таяқшасы берілген болатын. Әне жазамын, міне жазамын деп, уақытын өткізіп алдым. Кеш болса да қабыл алыңыздар ;)

Ауылда тек таксимен жүретінбіх. Ол жақта мұндағыдай такси бағасы аспандап тұрмайтын. Автобусқа аудан орталығына немесе көрші ауданға баратын кезде ғана мінетінбіз. Кейін қалаға келгеннен соң, жасыратыны жоқ, автобусқа мініп-түсіп жүрген қызық көрінді. (Қазір үйреншікті жағдайға айналды) Неге кейбіреулер ақшасын бермей, бір жапырақ қағаз көрсетіп, тегін түсіп кете береді деп ойлайтынмын. Кішкентай едім ғой))) Кейін байқасам ол айына бір рет берілетін проездной билеі екен. Жылына он екі рет шықса, дизайны да он екі түрлі болатын бір жапырақ қағазға қызығып, әртүрлісін жинай бастадым. Кейін бұл әдетке айналды. «Ауру қалса да әдет қалмайды» дейді ғой. Қазірде проездной билеттерін жинау хоббиіме айналып кетті десем де болады. Ең алғашқы алған проездной билетімнің құны 600 теңге болатын. Сыртында «балалар үшін» деген жазуы, сары мен жасыл түс араласқан, сыртында бәйтеректің суреті бар. Одан кейін 4200, 4800, 7200 теңге болып бағалары өсіп кетті. Осы күнге дейін жинаған проездной билеттерімнің саны – 60. Бұл билеттерді жинап жүргеніме биыл төрт жыл болады екен. Бес жылдығында 100-ге жеткізсем деймін.

Қазір мультимедиалы журналистикаға қатты қызығып жүрмін. Яғни болашақта өзімді осы салада көргім келеді. Бұл саланың мамандары әмбебап болуы керек. Тиісінше, инфографика, тайм-линия, аудкаст, видео, фотошоп дегендерден хабары болса өзіне де оңай болады деп ойлаймын. Қазір бұларды үйрену қиын емес, онлайн курстар немесе әлеуметтік желілерде арнайы үйретіліп отырады. Ақырындап жоғарыда айтқандарымды үйреніп, практика жүзінде жүзеге асырғым келеді. Бір ойым, оқуды бітірген соң дәл осы пәнде оқытатын оқытушы болсам ба деймін. Себебі, жаңа технологиялар заманына көшіп жатқанда, болашақ журналистердің бір бағытта, яғни тек газет-журналда істейтін журналист болып қалыптасуларын қаламаймын. Әрине, бұл жеке пікірім. Бүгінгі таңда бұл мамандыққа университеттерде кадр тапшы. Сырттан әкелейін десе, жалақысын аз төлейді. Бізде аталмыш пән (интернет журналистика) оқытылғанымен, практика жүзінде үйренгеніміз аз.

 

 Биылдан бастап ұлттық нақыштағы әшекейлерге қызығушылығым артты. Көрген жерімде ұнаған бұйымды алып, қазақтың ұлттық өнімдерін, ұлттық нақыштағы бұйымдарын заманауи үлгіде насихаттағанды жөн көрдім. Оның үстіне қазір оюмен өрнектелген кез-келген бұйым, киім трендте.