Әлеуметтік желінің жастарға әсері қандай?

Әлеуметтік желінің жастарға әсері қандай?
жеке
блог

Қазіргі қоғам - жаңа ақпараттық технологиялардың қоғамы және XXI ғасырдың бұл ағымы - қоғам дамуының жаңа дәрежесіне жеткізді. Ақпарат алмасу, қарым-қатынас орнату, жұмыс іздеу, білім алу мүмкіндігі және тағы басқа іс-әрекеттер шынайы әлемге қарағанда виртуалды әлемде жүзеге асатын болды. Интернет жастардың ең сенімді құралдардың біріне айналды. Қазірдің өзінде әлем халқының 57 пайызы бетпе-бет тілдесуден гөрі, интернет арқылы, дәлірек айтқанда, әлеуметтік желі арқылы «әңгімелеседі».

Ал сіз интернетте ұзақ отырғанды жақсы көресіз бе? Таңертең тұра салысымен ноутбугіңізді қосып поштаңызды тексеремісіз? Бұл сұраққа Назарбаев Университет және басқа оқыту мекеме студенттері ойланбастан "ия" деп жауап береді. Себебі, студенттердің әлеуметтік өмір жаңалықтары ғаламтор арқылы жүзеге асады. Күн сайын жастардың жүзбе-жүз сөйлесуі азайып, әлеуметтік жүйе қолданысы, керісінше, артып келеді.  Ғаламтор жүйесінінң дамуына 10 жыл ғана болса да, қазірдің өзінде ғаламтор қолданбайтын жастарды табу қиын.

Қазіргі кезде әлеуметтік желілер "Вконтакте", "Мой Мир", халықаралық "Facebook", "LinkedIn" және тағы басқалар кең таралған. Статистика бойынша, Қазақстандық интернет қолданушылардың 62,4%  "Вконтакте" желісінде, 25,9% "Мой Мир" желісінде, ал 22,7% "Одноклассники" желісінде отырады. Бұл ақпарат жастардың әлеуметтік желіде қаншалықты және қайда отыратынын көрсетеді.

Көптеген жастардың ата-аналары бүл үрдістің әсерінен қауіптеніп отыр.  Себебі, көбінесе 10-18 жастағы жасөспірімдер мұндай әсерге тап болады. Ал бұл жасөспірімдердің негізгі әлеуметтендіру, оның психика мен дүниетанымын қалыптастыру кезеңі болып табылады. Статистикаға жүгінсек, жастардың 49,2% әлеуметтік желіні күнделікті, 19,7% аптасына бір рет және 9,1% айына бір рет тексереді. Бұл деректер ата-аналарды мазалап қана қоймай, психолог дәрігерлердің, мұғалімдердің де ойын қауіптендіреді. Себеі, бұл жастардың қоғамдық, психологиялық дамуына әсер етеді. Сонымен қатар, ғаламтор адамның физикалық денсаулығына ықпал береді. Мысалы, 15 жасар жасөспірім күніне 4 сағат экран алдында отырса, физикалық күшке тек шамамен 1 сағат қана уақыт бөлінеді. 

Әлеуметтік желі бос уақыттың көп бөлігін алатынына көз жеткіздік. Әлеуметтік желі көзбе-көз қарым-қатынасты ығыстырып қана қоймай, әуестікті де алмастырды. Әрине, ғаламтордың жақсы жақтары өте көп: үнемді байланыс құралы, аудио және видеоның қол жетімділігі, ақпарат іздеу және алмасу мүмкіндігі және тағы басқа жақсы артықшылықтары бар. Бірақ, ол жастарды қоғамнан оқшауландырады, яғни жақындармен қарым-қатынас үзіледі, сенімсіздік пайда болады, алтын уақытын текке жұмсайды және сколиоз, арқа және нерв жүйесі сияқты ауруларға шалдығады.

Әлеуметтік желіге тәуелділік белгілерін қарастырайық:

  • -себепсіз поштаны қайта-қайта тексеру;
  • -ғаламторға қажетсіз кіре беру;
  • -жақын адамдардың компьютер алдында көп отырасын деген айыптаулары;
  • -уақыт өлшемінің жоғалтуы;
  • -желідегі қарым-қатынастың басымдылығы;
  • -міндеттерді ой елегіне алмау; кездесулерді, тамақ ішу уақытын, күнделікті режимнің бұзылуы;
  • -тәуелділіктің барын жоққа шығаруы;
  • -ашушаңдық көрсету, көңіл-күйдің болмауы, шаршау белгілерінің болуы

Егер бұл белгілер сізге сай болса, онда сізде тәуелділіктің болғаны.

Енді, бұл тәуелділіктен қалай айырылуға болады деген сұрақ туындайды. Алдымен, салауатты өмір салтына,  жүзбе-жүз қарым-қатынасқа деген махаббатты ояту керек, яғни шынайы өмірге қайтып келу деген мағынаны береді. 

Қорытындылай келе, шынайы өмір виртуалды өмірден әлдеқайда жақсы екенін ұмытпауымыз керек.