Кімді кім басқару керек?

Кімді кім басқару керек?
жеке
блог

«Жігіттің жуас болғаны жақсы емес пе, ертең айтқаныңнан шықпайтын болады» деген сөз маған мүлде ұнамайды. Маған керісінше мені басқаратын жігіт болса деймін.

Бір әпкеміз айтып еді «бірнеше жігітпен кездесіп көрдім, көбісі кафеге барғанда «қайда отырайық, мына жер жақсы ма» деп мәймөңкелеп тұрады, ал сенің жездең кафеге кірді де қасқая қарап тұрып ішін бір шолып «ана жерге отырамыз!» деді, осы қылығын бағаладым» деп.

Ер жігіт атына лайық ер мінезді келсе, бір сөйлеп, қас-қабақпен-ақ ұқтыра алар болса, ақылмен, парасатпен нық шешім қабылдай алар болса, сөзінен ісі берік болып, жүрегі иман мен адалдыққа, ынта-пейілі білімге құштар, көкірегі ояу, көзі ашық болса ондай азаматқа қалайша бағынбайсың))). (төөу, не деген сипаттау жазып тастағанмын)

«Әйелінің айтқанынан шықпайды», «келіннің соңынан кетті», «әйелінен аса алмайды» деп небір азаматтардың адресіне айтылып жатқандарды естігенде бұрынғы батырларымыздың заманына кетіп қалғым келеді. Мысалы, Құнанбайға бірдеңе айтарда Ұлжан анамыз ерінің қас-қабағын бағып, айтар сәтті таңдап, болмаса кісі салып жүріп жеткізген.  

Маған ас үйде жүрген ер адам ұнамайды. Менің әкем қасында тұрған шәйнектен шай құйып ішпейді, бізді күтіп отырады).

Менің шимайымды оқып алып жігіттер басқарғанның жөні осы екен деп жұбайларына әңгір таяқ ойнатып жүрмесінші). Ерекше ер мінездеріңізбен ақылды ұштастырып дұрыс басқара білсеңіздер санасы бар әйел өзі-ақ сізді көкке самғатары анық.

Мен бір тәжірибесі мол адамдай ақыл айтып кеттім ғой. Бұл ақыл емес менің өмірде көріп жүргендерімді қорыта келе болашаққа құрған жоспарым болсын.