Шет ел әншілерінен кімнің өнері ұнайды?

Шет ел әншілерінен кімнің өнері ұнайды?
жеке
блог

     Гарри Эдвард Стайлз 1994 жылдың ақпан айының бірінші жұлдызында Англияда дүниеге келген. Бала кезінен бастап музыкаға жақын болып өседі. Ең алғашқы орындаған әні Элис Преслидің «The Girl of My Best Friend» болатын. Мүмкін содан болар өнер жолына келуіне бірден-бір себепші болған адам осы Элис деп есептейді ол.

     2010 жылы британдық The X Factor жобасының 7 маусымына қатысып, конкурста үшінші орынды иеленеді. Қазір Стайлз  One Direction тобының әншісі. 

     Маған осы топтың орындауындағы әндер, сонымен қатар Гарри Стайлз-дың дауысы ерекше ұнайды. Айтпақшы туған күніміз бір күнде екен.)))

     Ал сіз шет елдің жас әншілерінен кімнің өнерін жоғары бағалайсыз?