Сүйгеніңіз үшін бәріне дайынсыз ба?

Сүйгеніңіз үшін бәріне дайынсыз ба?
жеке
блог

Кімде болсын, мына жалғанда сүйген жарық жолықтырып, мәңгілік ертегі әлеміне енгісі келеді. Әсіресе қыз қауымы. Махаббат туралы көп романдар оқып, кино көріп өз басымда да дәл солай болса екен. Немесе осы басты кейіпкер секілді болсам екен деп армандайды.

Сүйікті сайтымнан Фариза Әбілованың мақаласын оқып, қалың ойдың жетегінде қалдым.

Сүйетін жігіт:

• «Біз», «екеуіміз» деп сөйлейді.

• сіздің айтқан сөзіңізді мұқият тыңдайды, көзіңізге тура қарайды. Сұрақ қойсаңыз, телефон соқсаңыз, барлық уақытта жауап беруге тырысады, сылтау айтпайды.

• сізден жырақта жүрсе, сағынғаны туралы СМС-тер жібереді. Жиі телефон соғады.

• сіздің туыстарыңызды құрметтейді. Егер туысыңыз оған бір ескерту жасаса, қағытса, көтереді. Сабыр сақтайды.

• сіздің көзқарасыңызды, хоббиіңізді (ұнамаған жағдайда да) түсінуге тырысады. Бос уақытын сізбен өткізгісі келіп, дүкендерге, коньки тебуге, т.б. жерлерге өзіңізбен бірге аттанады.

• сізге мадақтаулар айтады. Себебі сіз ол үшін әлемдегі ең әдемі арусыз! Әрине, өте байсалды, жер қозғалмаса қозғалмайтын не қыз мінезді ұяң жігіт болса, өз сезімін білдіре алмауы мүмкін. Дегенмен оның көзқарасынан ішкі сезімін аңдай аласыз.

• құрбыңызға көз салмайды, одан қызғанбайды. Оған да сыпайылық танытып, құрмет көрсетеді. Әзілдеріне төтеп береді.

• әлдебір себептермен сізге ашуланса да, дауыс көтермейді. Ашуы басылғасын түсініседі.

• ата-анасымен, туыстарымен таныстырады.

Осылай жазған екен. Алайда бұл белгінің 2-3-ін жігітімнің бойынан таба алмадым. Мысалы, маған ашуланған кезде дауыс көтеріп ұрысады, ренжиді. Жүргенімізге 3 жылдың жүзі болса да, мені ата-анасымен таныстырған жоқ. Ал қалғандары бар. Мүмкін мұны басқаша жору керек шығар. Десе де, сезімімді сарапқа салып, жігітім екеуіміздің қарым-қатынасымыз туралы ойлануға мүмкіндік берген мақалаларыңыз үшін рақмет!