Оқушылар қазақша музыка тыңдамайды

Оқушылар қазақша музыка тыңдамайды
жеке
блог

      2015 жыл да келіп жетті... Сәттіліктер де көп болды. Алайда жылдар бойы келе жатқан, шешілмеген бір мәселе бар. 

      Оқушылардан қазақша музыка білесіңдер ме деп сұрасам, ешкім де тіл қатқан жоқ... Сондағы жауап бергендері:

       - Мен ағылшынша тыңдаймын.

       - Мен білмеймін, олар заманға сай емес.

       - Сен тыңдайсың ба?! Фуууууу, олар мүлдем ұнамайды!

       - Мен әйтеуір Қайрат Нұртасты білем бар екенін, соған рақмет айт!

      Бұны естігенде ішімде бір жара пайда болған секілді... Не себепті?! Сөйтсе, олар тіпті Жанар Дұғалованың Турквижон байқауында 1 орын алғанын да білмейді! Білген тек екі қыз, біреуінін өзі Шымкенттен келген жаңа қыз...  Кейбіреулері Жанар Дұғалованың кім екенін де білмейді! Бұл нағыз - сұмдық! Не себепті?! Әлде бұл отбасылық тәрбиеге байланысты ма? Әлде бұл шетелдік каналдардан ба? 

     Сыныпта барлығы Nickelodeon каналын көреді. Мүмкін содан да шығар...

     Жоқ, бұл ұят қой! Қазахи тәрбие жоқ па? Мен Астаналықтар мен Алматылықтарды қазақша музыка тыңдайды деп ойлаймын... Қалғандары ше?! Шектен шыққан жоқпыз ба? 23 жыл бойы музыкадан еш хабарымыз жоқ па? Әлде, тыңдамайтындай музыкамыз жаман ба? 

     Айтыңдыздаршы, қазір заманауи, құлаққа жағымды, жақсы-жақсы музыкалар бар ғой! Келіспейсіздер ме?! Мен толықтай келісемін. Бірақ, олар шетелдікіне ұқсамағандықтан, көбісі оны тыңдамайды. Ұқсамасын! 

     Басты сұрағым, не істеу керек? Жүрегімдегі жара басылатындай не істеу керек? Біздің қолымыздан түк келмейтін сияқты...

     Бір білетінім, қазақша әндер тыңдатайтындар да бар! Оларға шексіз разымын! Намысты ұл-қыздарымыз көп болса екен! Шетел музыкасын тыңдамасын деген ойым жоқ, тек біздікілер де босқа шығарылмасын дегенім ғой... Ойымды түсінген де шығарсыздар... 

    Ерігіп жазып отырғаным жоқ! Ерінбей оқығаныңыздарға рақмет! Көмек берсеңіздер! Рақмет)))