Қос періште

Қос періште
жеке
блог

Қос періште

Ууффф, тағы отырмын...
Қара түн жанға серік.
Санама сұрау салған сан қателік.
Ойымда екі нәрсе, екі ғажап,
Екеуінде айта алам зорға теліп.

Бірі – сен,
Пенде кейпін сомдаған періште қыз,
Періштем-ау, жанымнан кел,іш лебіз.
Кешірім бер,қателік менде көп-ақ,
Алдыңда жасадым-ау көп іс теріс.

Бірі-анам,
Әкемнің періштесі,
Ісіме айтатұғын көп істе сын.
Сенің ғана айқайыңның арқасы,
Бүгінде тапқан талай көп іс кесім.

Қос періште,
Алдарыңда қылған көп күналарым,
Кешпесеңдер жанама,сірә, бағым.
Тіршілікте тентектеу тайыңды, ана
Көп жылатқан, періштем, сынақ-ағын.

Жығылғанда қанталап тізелерім,
Катқансыз-ау,анашым, сіз ерек үн.
«Құлыным-ау» дейтұғын сөзіңізден,
Мендегі қателіктер, түзелер мін.

Періштем-ау,
Сезімің сенің ғана бөлек екен,
Сендегі жүрек сара, ерек ет ең.
Тынысым тарылғанда,қапаста қап,
Иісін шаштарыңның керек етем.

Қос періште:
Бірі – анам, бірі – менің сүйіктім,
Жарық шашқан ажарларын сүйіп күн.
Кешіңдерші теріс қылған көп істі,
Сіздерге мен сыйлаппын ғой күйік,мұң.

Жандарыңа жара салып зекіп ем.
Қарсы келіп, көп істе мен көкіп ем.
Қос періште, кешіңдерші пендені,
Кешір ана,
Кешір жаным,
Кешір Алла, өтінем.