Жас кәсіпкер -"Жас маман"

Жас кәсіпкер -"Жас маман"
жеке
блог

Тәуелсіз еліміздің жастары қоғамның айнасы іспетті. Себебі, жастардың атқарған қызметі арқылы елдің болашағын болжай аламыз. Алып елді, Қазақстанды алға қарай сүйрейтін де,  артқа қарай шегіндіретін де жастар десем, қателеспеймін.  Неге  бұлай  өз-өзіне сенімді болып отыр дейсіз ғой?! Өйткені, халыққа пайдасын тигізіп отырған жас мамандармен тілдесіп,  олардың атқарып  жатқан істеріне дән риза болдым да, Мағжан секілі  «мен де жастарға сенемін» дедім, әрине іштей.  Назарларыңызға өз елінің жанашыры екенін тек сөзбен емес, ісімен  дәлелдеп  жүрген азаматпен  болған сұхбатты ұсынамын.

Елжас Бағысбеков, кәсіпкер, Астана қаласы «Жас маман» білім  беру орталығының директоры. Алматы облысы, Райымбек ауданының тумасы.  ҚазҰУ-дың механика математика  факультетінің түлегі. Астанаға келерден  бұрын Қостанайда математикадан мұғалім  болып қызмет атқарған. Астанаға келгенде  білім беру  орталығында ҰБТ-ға оқушылар дайындаған.  Негізгі мамандығы – мұғалім.

-Сәлеметсіз бе?! Мамандығыңыз - мұғалім. Өзіңіз жеке кәсіпкерсіз. Мұны қалай түсіндересіз?

 Иә, менің негізгі мамандығым мұғалім. Осы күнге дейін Қотанғайда мұғалім  болып қызмет атқардым. Кейіннен білім беру орталықтарында (бұдан әрі «білім беру орталығы- ББО». Автор) оқушыларды математика пәнінен олимпиадаға дайындай бастадым. Оқушыларды жеке дайындап  жүргенде «неге маған да  осындай ББО ашып алмасқа?» деп ойлап,  жоспар  құрып, оны мақсатқа айналдрдым. Бүгінде мақсатым орындалып,  сүйікті кәсібіме айналды. 

-Алматы  өңірінде туылып, Қостанайда қызметте болып жүріп, неге Астананы таңдадыңыз?

Астана  жастардың қаласы, мұнда мүмкіндіктер өте көп. Бірақ, жақында Алматыда да  өз  филиалымызды  аштық. Болашақта бізге  жақын Қарағанды, Павлодардан  ашамыз. Бұл  орталықтың ашылғанына  көп  болған  жоқ. 2014 жылдың 14-ақпанында  ашылды. Астанада орталық ашқанымызға 9 ай, Алматыдағыға 3 ай болды. Бастапқыда студенттер  50 шақты еді, қазір 3 есеге көбейді.

- Қазір жас кәсіпкерлерге  мемлекет тарапынан көп  көмек көрсетіліп  жүр. Сіздерге сондай  қолдау болды ма?

Өзіміз ондай варианттар іздестірмедік. Өзіміз бастай бергенді  жөн санадық та, Астана  қалалық салық комитетіне тіркеліп, лицензия алдық,  орталыққа іске кірістік. Алғаш ашылған кезімізде Янучкеевич көшесінде бір  двордан 2 бөлмелі пәтер жалдап, офис ретінде  жалдадық. Ал сабақтарды басқа  білім беру  орталықтарынан кабинетті  жалға алып отырдық. Жұмысымызды солай бастадық. Орталықты  ашуымызға 3-4 мың АҚШ доллары кетті, орта есеппен. Кез-келген істі бастағанда  үлкен  соммада қаржыны күту бұл- асығыстық. Біз жаратқан ақшамызды еселеп жинау  үшін  біраз жыл кетеді деп ойлаймын. Бірақ қазіргі табысымызға қанағаттанамыз. Біздің  бірінші мақсатымыз  табыс тауып, машина  алып,  үй салу емес, білім беру орталығын барынша гүлдендіру, Қазақстанның әр  қаласынан филиал ашу. Бізде  оқу курстарының бағасы  қол жетімді. 8 мың теңгеден басталады. Егер студенттердің степендиясы  көтерілетін болса, біз де бағамызды  көтеретін  боламыз. Аудиторимыздың басым бөлігі студенттер  болғандықтан күзде табыс молынан болады. Себебі,  еліміздің  түкпір түкпірінен студенттер оқуға келеді.   Мәселен,  жазда  студенттердің  көбісі үйлеріне  кеткендіктен орталығымыз жаз бойы  тек 20 адамға сабақ  жүргізіп отырды.

- Орталықты ашуға қанша қаражатыңыз кетті?

Орталықты  ашуымызға 3-4 мың АҚШ доллары кетті, орта есеппен. Кез-келген істі бастағанда  үлкен  соммада қаржыны күту бұл- асығыстық. Біз жаратқан ақшамызды еселеп жинау  үшін  біраз жыл кетеді деп ойлаймын. Бірақ қазіргі табысымызға қанағаттанамыз. Біздің  бірінші мақсатымыз  табыс тауып, машина  алып,  үй салу емес, білім беру орталығын барынша гүлдендіру, Қазақстанның әр  қаласынан филиал ашу. Бізде  оқу курстарының бағасы  қол жетімді. 8 мың теңгеден басталады. Бір айлық табысымыз ең  аз дегенде  1-1,5  миллион теңге көлемінде болды.

-Оқытушыларды қалай қабылдайсыздар?

Оқытушылар арнайы тест тапсырып, ауызша сынақ тапсырады.

 -«Жас Маманда» оқу ақысы  өте аз. Мәселен ағылшын тілі 7 мың  теңгеден басталады. Мемлекет тарапынан ешқандай  қаржылай көмек болмаса,  оқу бағасы  төмен болса, оқытушыларды қалай айлық бересіздер?

 Мен он жыл бойы  оқушылармен  жұмыс істедім.  Олармен кездесетін ең үлкен кемшілік-ата анасының  нұсқаулығымен  жүру. Сол  себепті, бір істі екі рет  қайталамау  үшін  бірден студенттермен жұмыс жасағанды дұрыс көрдік.  Енді,  студентті негізгі аудитория ретінде таңдағандықтан бағасын да студенттер төлей алатындай еттік. Бұл баға Астана қаласындағы басқа да білім орталықтарымен салыстырғанда орта деңгей десек болады. Себебі, бағасы бізден  төмен ортаның барын білдік. Арзан болуының тағы бір себебі жаңадан ашылған орталық болғандықтан төмен бағамен бастап, өзімізді жарнамалағанды,  өзімізге клиент тартқанды бірінші орынға  қоямыз. Сондықтан,  бізге келуші клиенттің қалтасына қолайлы  бағаны ұсынып отырыуымыз керек.  Осы орайда бір мысал айта кетсем: қытайлар бақаны пісірген кезде  бірінші суық суға салады екен. Содан кейін астынан  қызу жібереді.  Бақа  суда маужырап  жатқанда су ақырын  ысып, керемет болып піседі. Ал егер ыстық суға бақаны бірден  салып  жіберсе реакция береді де бірден суден шығып кетеді, немесе бүрісіп піседі.  Біздің ұстаным да осыған ұқсас. Бірден 15-20 мыңдық етіп халықты шошыту емес, төменнен бастап  жоғарыға ұмтылу.  Сөз арасында айтқанымдай, біздің бағамыз студенттерге байланысты болады. Олардың степендиясы көтерілген сайын, оқу бағасы да көтеріледі.

-Болашақта қандай курс ашпақсыздар?

Қазірге нақты  жоспарланған 2  жобамыз бар. Біріншісі, қаңтар айынан бастап Fast Reading/ жылдам  оқу курсын ашамыз. Оған байланысты  жұмысты қолға алдық.Екіншісі, семинар қызметі болады.  Live Menedgment- өз өмірін басқару . Осы  тақырып аясында семинар тренингтер  өткіземіз.Атымыз «Жас маман» Біздің негізгі мақсатымыз - тіл курстарын көбейту емес,  әр мамандық бойынша  тренинг курстар ашып болашаққа  маман даярлап шығу. Атымызға сай болу.

-NIS және Назарбаев университетіне дайындық курстары бар. Нәтижесі қалай?

 Бізде дайындалған  оқушылардың алды  биылғы емтиханға қатысады. Бір жылғы еңбектің нәтижесі сол кезде белгілі болады.

 -Айына екі рет жарыс ұйымдастырасыздар. Сыйақысы қайдан келіп  жатыр?

Біз  бұл  өткізген жарыстан  еш пайда көрмейміз, шығындалмаймыз да. Осы уақытқа дейін екі  рет мектеп  оқушылары арасында  білім  олимпиядасын,  күзде қыздар арасында   волейбол ойынын, екі рет  ұлдар арасында турнир,  биылғы оқу жылынан бастап  ұйымдастырып келе жатқан айына екі рет шығарма жарысын  қолға алдық. Бұлардың бәрі бізге жүргізілген жарнама.  Ұстанымымыз: «Халыққа пайдалы бола отырып, пайда табу»

-Айлық табысыңыз қанша?

Астанада емін еркін өмір сүргеніме жететін қаражат. Айтуға болмайды)

-Қазір кәсіпкерлер палатасы  құрылып жатыр. Сіз мүшесіз бе?

Біз  ұсыныс жасадық. Қабылдандыңыздар деген хат келді. Әлі  куәлік алмадық. Қабылданғанмен қолда қағаз болмаған соң мүшеміз деп айтуға әлі ерте деп ойлаймын.

-Егер мүше болып  жатсаңыздар, мемлекеттен  қомақты қаржы  бөлінсе, оны неге  жұмсар едіңіз?

 Олимпиада менің  хоббиім. Қазір олимпиадададан арнайы мамандандырылған мектептің оқушылары  жоғарғы деңгейде.  Орта мектептерде осы шараны  қолға алып, дамытқым келеді.

-Жеке  кәсіпкер ретінде оқу орндарында демеушілік  жасап, алдағы мерекеге орай жарыс ұйымдастырғыңыз келмейді ме?

Шахмат турнирін  өткізу ойда бар. Біз футбол, волейболдан  өткіздік. Ендігі кезекті шахматқа берсек дейміз.

-Сұхбатыңызға көп рахмет! Алға қойған мақсаттарыңыз орындалсын!

                                                                                            Дайындаған:  Әйгерім ТОҚСАНБЕК