Массагет сайтының жаңарғанына бір ай болды

Массагет сайтының жаңарғанына бір ай болды
жеке
блог

Шамамен бір ай бұрын сайттың экранға бейімделгіш нұсқасын қосқан едік. Бұл жазбада бір ай ішінде жөнделген техникалық қателіктер мен пайда болған мүмкіндіктер туралы айтамыз. Танысып шығыңыз.

Жөнделген техникалық қателіктер мен қосылған мүмкіндіктерден бастайық.

"Шимай" орнына келді. Қолданушылар шимайда сақтаған блогтарын таба алмай қиналған еді. Бұл бөлім енді қалпына келді.

Аватарлар қалпына келді. Сайттың жаңа нұсқасына ауысқанда қолданушылардың суреттері көшпей қалған еді. Сол суреттер сайтқа жүктелді.

Блогтар толық көрінетін болды. Бұған дейін қолданушы жазған блогтардың бәрін көру түймесі жұмыс істемейтін. Енді мұндағы қателік түзелді. Кез келген қолданушының бұрын жазған барлық блогтарын көре аламыз.

"Іздеу" қосылды. Сайтқа Google жүйесінің іздеу қызметі қосылды. Ол сайттың жоғары жағында оң жақта тұр.

"Жоғарыға көтерілу" опциясы қосылды. Жоғары қарай тез көтерілуге мүмкіндік беретін виджет қосылды. Ол сайттың сол жағында орналасқан. Сайтты төмен түсіре бергенде пайда болады.

Сайт екі жағынан қысылды. Қолданушылар сайт тым шашыраңқы деп хат жазғандықтан, беттің енін кішірейтіп, ықшамдауға тырыстық. 

Лентаның жұмысы қалпына келді. Лента жарияланған материалдарды жүзден артық көрсетпейтін. Енді онда жарияланған материалдардың бәрін көруге болады. Лента сайттың оң жағында орналасқан.

Лентада басқа модульдердегі материалдар да көрінетін болды. Бұған дейін Лентада тек танымдық мақалалар мен жаңалықтар бөліміндегі жазбалар ғана көрінетін. Қазір онда "Фоторепортаждар", "Бірге аударайық", "Massaget TV" модульдеріндегі материалдар да шығады.

Дауыс беру түймесі қалпына келді. Сайтта пікірлер мен жарияланған жазбаларға дауыс беру түймесі қайта қойылды. 

Massaget TV блогына ауыстырып-қосқыш қосылды. Басты беттегі Massaget TV блогында айдарда жарияланған соңғы видеоларды бетті қайта жүктемей-ақ көруге болады. Керекті бөлімді түртіп қалсаңыз, соңғы материалдар сол блокқа жүктеле береді.

"Блогтар" модулінде "Ең қызықты", "Жұлдызды"  бөлімдері қосылды. Блогтардың ең қызықты деп танылғандары, "Жұлдызды блогқа" жарияланғандары сәйкес бөлімдерде болады. Ал жазылған барлық блогтар "Барлығы" бөлімінде тұрады.

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР:

"Жұлдыз FM" айдары ашылды. Осы айда жұмысын бастаған радио енді Массагет сайтында жаңалықтарымен бөлісіп тұрады. Материалдар сәйкес айдарда жарияланады.

"Жұлдыз FM" радиосын онлайн тыңдауға болады. Радионы сайтымыздан тыңдауға мүмкіндік беретін түйме қосылды. Ол сайттың оң жақ жоғарғы тұсында орналасқан.

Айдарлардың аты өзгерді. "Жігіттерге" айдары – "Бозбала", "Қыздарға" айдары – "Бойжеткен", "Оқушыларға" айдары – "Алтын ұя" болып өзгерді.

Бір айда жасалған жұмыстардың ең негізгілері осы. Жұмыс жалғаса береді. Айтар өтінішіңіз немесе тілектеріңіз болса, мәрхабат.

Массагет сайты ұжымы әрқашан сіздердің көңілдеріңізден шығу үшін жұмыс істейді.