Жалғыздық

Жалғыздық
жеке
блог

Әлбетте біз "Жалғыздық- Жаратушыға ғана тән" деп жатамыз. Өмірге жалғыз болып келіп, көрге жалғыз кіреміз. Жалғыздың жалғанға жаратып жіберген жалғыз(дар)ымыз біз деген... Алайда Психоанализдың негізін қалаған З. Фрейд жалғыздықтың адам денсаулығына теріс әсері бар екенін, біздің санамыздан тыс, бейсаналы түрде жүзеге асатын табиғи құбылыстарды дәлелдеп шықты. Өнертанушылар, оның ішінде әдебиеттанушылар кез-келген шығарманың арқауы-жалғыздық болатынын да жиі айтып жүр. "Танбаймын шәкіртімін Толстойдың" деп жырлаған Шәкәрім өмірінің соңында елден жырақ кеткенді құп көреді. Бұл еске түскен мысал ғана. Шығармашалықты төңіректеген барлық туынды иелері жалғыздықты әбден зерделеп, түсінгендер. Демек, туындыгердің айтпағын түсіну үшін де жалғыздықтың не екенін ұғу ләзім. Біз өзі қызық жаратындыларымз ғой. Жалғыздықтан соншалықты қорықамыз, одан үрейленетініміз соншалықты, қашқымыз келеді. Бірақ топтың, әсіресе тобырдың ортасында қалған шығармашыл жандар керісінше Жалғыздықты аңсайды, іздейді һәм сағынады. Қашсаң құтыла алмайтын Жалғыздық ұғымы Оралхан Бөкейдің шығармаларында анық көрінеді. Оның кейіпкерлері ортасын жатсынып тауға кетіп бара жатады. Немесе "елсіз жерде жалғыз үй" болып көрініс табады. "Өлі жандарды" жазу арқылы пенделер қылығындағы сайтани әрекетті ашық әшкерелеген Гоголь секілді, жалғыздық та Жаратқанға теле салатын ұғым емес екеніні Оралхан шығармаларынан айқын аңғаруға болады. Стиль мен мінез туралы сөз сабақтағанда біз қаламгердің мінезі шығармадан көрініс беретінін, осылайша стиь қалыптасатынын айтып  жатамыз. Ендеше бізді жаратқан туындыгердің жалғыз екені хақ болса, біздің жалғызсырайтын кездеріміздің көп екендігіне келіспеске шара жақ. Сөзсіз біз жалғысарау арқылы Жаратқан иені сағынамыз.Жаратқанның стильі жаратындыларында көрініс тапқан.