Әлеуметтік желі арқылы көмек сұраушылар

Әлеуметтік желі арқылы көмек сұраушылар
жеке
блог

Кез-келген әлеуметтік желілерде "ауырып жатқан балаға көмек көрсетіңіз" деген жарнамаларды жиі байқаймыз. Қазір тек әлеуметтік желілерде ғана емес телеарналардың, кез-келген сайттардың, тіпті күнделікті бірлік салатын киви құрылғыларының экранында, тіпті дүкендерде балаларға көмек сұраған жарнама қағаздарын көруге болады. Осы жарнама қағаздарын көрген кезде "Осы көмек қолын сұраған адамдардың барлығы бар ма?", "осыншама жарнама жасауға оларға кім көмек қолын созады" деген сияқты ойлар сізді мазаламай ма? Ойлаңызшы, кез-келген қағазға басылған жарнама болсын белгілі бір қаражатты қажет етеді ғой. 

Әлеуметтік желілер арқылы көмек сұрау әлем бойынша тәжірбиеден өткен. Ресейдің өзінде қазіргі кезде кең етек жайып келеді. Алайда бұл әдістіңде жалған болып, елдерден ақша жинау амалдары екенінде анықтаған фактілер тіркеліп үлгерген. Ресейде ауру балаларға арнайы көмек сұрайтын бетшелер ашып, бөлісіп танымалдық жинау мақсатында айналысатын ұйымдар бар екен.

Қазір Қазақстанда да бұл көмектің түрінің кең етек жайып келе жатқаны айқын, бізде әзірге бұл бойынша құқық бұзыушылық фактілері тіркелмеген. Дегенмен, "осы көмектің бір түрі адамдарға расымен көмектесе ме?" деген сұрақпен аздаған іздену жұмыстарын жүргізіп көрген едім. 

Қазіргі жастардың басын алмайтын әлеуметтік желілер арқылы берілген жарнамалар көп назарымды аудартты. Әсіресе, жұлдыздар белсенді инстаграм желісінде күніне 2-3 осындай хабарлама көріп қаламыз. Мен бақылайтын жұлыдздардың ішінде (енді олар 100 ге жуық шығар :) ) көмек сұраған жарнамаларды көбіне Қарақат, Ділназ Ахмадиева, Әсел Сағатова, Бүркіт, Алтынай Жорабаева , Мақпал Исабекова көп бөліседі. 

Өздеріңіз байқағандай жұлдыздар тек ішкен-жегенін, киген көйлегін, барған жерлерін ғана емес көмек сұраған адамдарғада өз қолдарынан келгенше көмек қолын созуға дайын. Бір жағынан бұл жарнама берушіге тегін жарнама (бұл ақпарат тексерілген, мен звондап сұраған адамдардың барлығы жұлдыздар тегін бөлісетіндерін жеткізді) әрі кемінде 75 000 жазылушысы бар әншіден қаншама адам көретінін ескеру керек. 

Мен хабарласқан әр-бір баланың ата-анасы бірде - бір жұлдыздың ешқандай балаға ешқандай қаржы аудармағанын айтты. Мен Мақпал Исабекованың директоры Артемға хабарласқанымда олар Мақпал Исабекова жариялаған балаларға көмек беріп тұратынын айтты, бірақ бұл жайлы жария салмайтындарын және қанша, кімге аударғандары жайлы ешқандай ақпарат бере алмады.

Ал Қарақаттың директоры Маншүкке хабарласқанымда, Қарақаттыңда көп адамдарға көмек беріп тұратынын білдім. Бірақ, әлеуметтік желіде бөліскен балалардың бәріне бірдей көмек беру мүмкін еместігін жеткізді. Ең қызығы жұлдыздардың ешқайсысы бөліскен балалардың шын ауырып жатқандығы жайлы сұрап білмейді екен. Себебі, ауырып өздеріне көмек керек болып жатқан адамдардан "Рас па?" деп сұраудың өзі қиын дейді, бір жағынан қарасаң ол кісілердің ішінде алаяқтардың болуы мүмкін деген ой ойламайтындарын алға тартады. 

Мақпал Исабекова жариялаған Рамазанның ата-анасына хабарласқанымда әлеуметтік желілер арқылы көмектің көп келгенін айтты. Елдердің көбі кездесіп ақшаларын берсе, кейбірі киви кошелек арқылы аударатындарын айтты. Ең қызығы көмек берген көп адамдар өздерінің құпия түрінде қалғысы келетіндерін ашып айтқан. 

Ауырып ем мен көмек іздеген балаларға орташа есеппен 500тг мен 10 000 тг арасында көмек көрсетіледі екен. Көп адамдар сенбей "рас па, барып көрейік баланы", "менің аударған ақшам түсті ма" деп хабарласып жатады екен.

 

Мен өзім хабарласқан ата -аналардың екі баланың бірі Кореяда, бірі Израильде емделіп жатыр деді. Рамазанның папасы келіп көруіме келісті, мен бармадым. Мен тек баланың ауырып жатқаныныңның растығын білу үшін "келіп түсіруме рұқсат беруі үшін" сұрағанмын. Кешірім өтінем әрине. 

Балаларға тек қаржылай ғана емес заттай көмектесетін кісілер бар екен, мысалы балаға памперс, ойыншық әкеліп беретін кісілер бар екен.

"Ауруын жасырған- өледі" демекші, бастысы балаңызға көмек керек болса оны сұраудан ұялмаңыз. Қандай көмек болсын ол сіздің балаңызға берілген бір мүмкіндік екенін ұмытпаңыз. Жақсы адамдар бар және олар сізге әрқашан көмек қолын соза алады, соған сеніңіз,- дейді 4 жасар Айымжанның апасы Роза....

Қорыта келе түсінгенім: 

  • Көмек керек пе барынша көмек сұра, ұялма. Балаңның амандығын ойла.
  • Көмек керек пе ашық бол, хабарласқан адамға кездесуге бар, балаңды көрсет сонда олар сенеді, саған көмек береді. 
  • Кез-келген әлеуметтік желіден бетше аш, достарыңа хабарлас, бөлісуін өтін. 
  • Көмек беретін ұйымдарға хабарлас, жағдайыңды айт ерінбе қағаздарыңды көтеріп бар
  • Телеарналардағы кез-келген көмек беретін бағдарламаларға хабарлас, ешкімді сенің басыңдағы жағдай бей-жай қалдырмау керектігін ескер. 
  • Мемлекеттік ұйымдардан көмек сұра, мемлекет әр баланың емі үшін квота бөлетінін ұмытпа. 
  • Балаң ауырып қалды ма, үйіңде жылап жатпай көмек ізде!