Қытай блогерлері назарындағы қытай қазақтары

Қытай блогерлері назарындағы қытай қазақтары
жеке
блог

«Қоныс ауыстыру – көшпелі ұлттардың өндіріс амалдарының бірі» деп бастапты Зың Шяң Мин(曾湘敏Zeng Xiang Min). Өмір бойы фотограф болып жұмыс істеген қарт блогер қазақтың тұрмыс-тіршілігі жайлы жазбасын қытайдағы ең танымал блогтұғыр sina.com.cn сайтына жариялаған. Көшпенді халықтардың өмірі жайлы, соның ішінде ең бастысы қазақ өмірі жайлы жазған 68 жастағы қарт бір сөзінде: «Үкімет оларға тұрақты баспана салып берсе де, олар дәстүрлі салттарынан қол үзгісі келмейді» дейді.

«Көшіп-қонуда қазақтар заманауи көлік құралдарын да көп пайдаланады. Мысалы, жүк машинасы, мотоцикл дегендей. Ішінде киіз үйлерін түйеге артып, өздері атпен көшетіндері де бар. Біздің топқа көшіп бара жатқан қазақтар кездейсоқ кезседе кетті. Сол күні біз Алтайдың Буыршын ауданынан Қанасқа жол тартып бара жатыр едік. Көшті көргенде машина толы фотографтар бір орында отыра алмай қалды. Көпір аузында қанша тұрғанымызды кім білсін, бәріміз қазақ көшін көзімізбен ұзатып салып, көлікке жайғастық...» дейді блогер қытай қария.

Назарларыңызға Қытайдың Пекин қаласында тұратын, 1978 жылдан бері қытай фотографтар қоғамының мүшесі, 1996 жылдан бері қарай осы қоғамның президенті қызметін атқарып келе жатқан блогердің назарындағы қазақ көшін ұсынамыз.

Бұл әйелдің киіміне және баласын қалың орап алғанына қарап қыркүйектің соңғы күндерінде Шынжаңның ауа-райының суық екенін байқау қиын емес. Көш барысында әйел баласын қараумен бірге, жүк артылған түйені де жетелеп жүреді екен.

Ертіс өзенінің жағасындағы қоралы қой.

Әсілінде екі қора қой екен. Күзеуге бірлесіп айдап барады. Екі қора қойдың ортасында малшылар жүр, иттері де қойлардың бір-біріне қосылып кетпеуін тосып жатқан сияқты.

Ат үстіндегі шопан қоралы қойға жол бастап келе жатыр

Серкелер қойды бастап көпірге шығып та қойды

Көпірден өтіп бара жатқан қоралы қой

Түйемен көшіп бара жатқан тағы бір отбасы. Түйенің жүргі де аз емес екен-ау

Кілем мен сырмақ көшпенділер тұрмысында кем болса болмайтын заттар

Ат үстіндегі малшының әйелі

Мұндай үлкен бесік әйелдің ат үстінде отыруына тіптен әсер етпейтін сияқты

 

Түйеге бұзар қоса артылған. Бұл бұзау осы көште ерекше "қамқорлыққа" ие болып барады екен

Сонымен күзеуге көшген елген жол болсын айттық...

 

Суреттер: sina.com.cn