Құрбымды үлгі тұтамын

Құрбымды үлгі тұтамын
жеке
блог

        Құрбымды  үлгі   тұтамын                                                 

Мен де қызықпын. Кейде Юлямен бірге жүргенде оның орыс қызы екенін ұмытып кетіп, қазақша зуылдатып әңгіме айтып кетемін . Ол да маған қосыла кетіп қазақша сөйлеп, әңгімемізді қазақша майын тамыза жалғастыра кетеді. Мен оған : « Әу,Юля,біздің кейбір қазақ қыздарының өзі ауызекі сөзде орыс тіліндегі «так» , «вообще» сияқты сөздерді қолданып, тіпті орысша сөйлеп, оны өздері мақтаныш көреді. Ал сен болсаң қазақша зуылдайсың кеп,»-деймін . Юля  жымиып күледі де : - Аида-ау, мен қазақ тілін де, қазақ елін де жақсы көремін ғой. Өзің де білесің, мен қазақ ауылында кішкентайымнан бері тұрып келемін, осында қазақ қыздарымен дос болып өстім. Құлағың нені естісе, соны тілің мен көкірегің қайталап тұрмай ма? Мен қазақша сөйлемеуге елден , жанымдағы қазақ қыздарынан ұяламын. Себебі , менің ұлтым орыс болғанымен де ,Қазақстанда тұрып жатқандықтан , сол елдің  тілін құрметтеуге ,сыйлаүға міндеттімін. Оның тілін сыйламасам не болғаным? Оның үстіне достарым да қазақ қыздары мен ұлдары ,- дейді ол көмекейі бүлкілдеп. Ақсары қыз Юля биыл 11-сыныпта оқиды. Ол жыл сайын аудандық , облыстық , тіпті республикалық олимпиадаларда жүлдегер атанып келеді. Мектепішілік әдеби кештерде қазақша өлеңдер мәнерлеп оқып , ән айтып , тіпті театрда ойнап ,достарын таң қалдырып ,олардың қошеметіне бөленіп келеді. Юля болашақта тіл маманы болуды армандайды . Егер әрқайсымызда осындай жүрек болса , қазақ тілі бақытты тіл болар еді...

 

                  Аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық  Университетінің

                   журналистика  факультетінің студенті

                  Жұмағали Аида