"Қазақ поэзиясы" курсына арналған видеопрезентация

"Қазақ поэзиясы" курсына арналған видеопрезентация
жеке
блог

Құрметті блог оқырмандары!

Мен осы видеопрезентацияны "Қазақ поэзиясы" сабағына дайындадым. Презентацияның тақырыбы - "Менің сүйікті ақыным". Өзім орыс мектебін бітіргеннен және қазақ әдебиетін терең оқымағандықтан мен қазақ поэзиясымен жақсы таныс емес едім. Бірақ университетте оқып жатқан курс арқылы қазақ поэзиясы мен ақындарымен жаңадан танысып келе жатырмын. Өзіме жаңадан ашқан және әсіресе ұнаған ақындардың бірі - бәріңізге таныс Фариза жан, Фариза қыз, Фариза Оңғарсынова! Фаризаның шығармашылығын мен мектеп кезінен білетінмін, бірақ, өкінішке орай, оны терең зерттеуге және онымен көбірек танысуға шамам келмеген. 

Видео менің сөйлеуімсіз толық болмаса да әрі оның кейбір жерлерінде сөздер жетіспесе де, презентация сізге ұнайды деп ойлаймын. Пікірлеріңізге өте риза боламын!

 

Ал мына видеода Фариза Оңғарсынованың "Мол Арман" деген өлеңін презентациядан бөлек тыңдасыңыз болады!