Мең мен мінез...

Мең мен мінез...

Баяғының данышпан, емші дәрігерлері адамдардың денсаулығын, мінезін денесіндегі меңіне қарап білген екен. Мәселен, дүниеге жаңа келген нәрестенің денесіндегі мең оның болашағын болжайды дейді.
Басқаруға бейім сәбидің басында мең болады екен. Бұл сөзімізге Кеңес Одағын ыдыратуға "ат салысқан" Горбачев мырзаның басындағы алақандай мең дәлел.
Егер сәбидің маңдайында мең болса, ақылды, көреген болып өседі екен. Ал, егер дүниеге келген қыз баланың бетінде мең болса, келешекте нәзік, мейірбан ару болып өсетін көрінеді. Үнді киноларынан байқасаңыздар, мұндай қызға кез келген жігіт әнімен бірге жүрегін ұсынып жатады.
Шешімді тез қабылдайтын жандардың оң жақ бетінің ұшында мең болса, ең сабырлы адамдардың меңі мұрнында болады екен. Білімді, дарынды тұлғалардың меңі мойнында болады екен. Қыдырғанды жақсы көретіндердің меңі иегінің үстінде болады деседі. Қолында меңі бар адамдардың көбі үлкен істерге, жоғары қызметтерге бейім болады. Тарихта есімдері батырлығымен, мықтылығымен қалған Әмір Темір, Бонопарт, Сталиндердің меңдері көбіне арқаларында орналасқан екен. Әйелдің меңі ерінінде болса, отбасы бақытында жолы болады. Ал мұрнында меңі бар әйелдер алыс жердерге тұрмысқа шығады деген сенім бар. Ер адамның аяғында меңі болса, ол көбіне өзіне сенімсіз, ұяң болып келеді. 

Автор: Лазим Мақсатқызы

Сурет: mail.ru

М. Оңғарова