Бұл өмірде жасау керек 100 іс!

Бұл өмірде жасау керек 100 іс!

Бәріміз де өмірге бір келген соң қызықты әрі жақсы өмір сүргіміз келеді. Бәріміз де... Әрбір күніміз есте қаларлықтай болғанын қалаймыз. Әр күніміз... Бізді қоршап тұрған өмір қызығы да сан алуан әрі жеткілікті. Ондағы қай қызықты тауысып бітіре алармыз. Біздің әр сәтіміз таңдаудан тұра ма?! Таңдау демекші, қай елге бірінші баруға болады, қай тамақты бірінші жеп көру керек? Дүкен толы зат!.. Айтпақшы, өткенде бір дүкен иесі өзі өмірде үлгеру керек, жасау керек қажеттіліктердің бәрін бір тізімге тізіп шығыпты.

Сен бұл тізіммен келісесің бе? Әлден сенің өз тізімің бар ма?

1. Балиданнан (Индонезия) күннің батуын тамашалау;

2. Парижде болып қайту;

3. Дельфиндермен бірге шомылу;

4. Аквалангпен сүңгіп кету;

5. Мексикадағы текиланың дәмін тату;

6. Ағылшын тілін үйрену;

7. Ағаштарға өрмелеу;

8. Теңіз жағалауында сүйгеніңмен демалу;

9. Сабын көпіршіктерін жіберу;

10. Өз өміріңнің тарихын жазып шығу;

11. Бөтелкеге хат салып, теңізге жіберу;

12. Ағаш отырғызу;

13. Пингвиндерді көру;

14. Сальс биін үйреніп алу;

15. Өз бизнесіңді жасау;

16. Ессіз ғашық болу;

17. Әділқазы болу;

18. Түні бойы билеп шығу;

19. Сарқыраманың астында тұру;

20. Жаңа жылды Америкада қарсы алу;

21. Теңіз жағасында жатып, толқындардың шуылын тыңдау;

22.  Коньки теуіп үйрену;

23. Венециядағы карнавалға қатысу;

24. Жыл бойына жоспар жасау;

25. Айдың тұтылуын тамашалау;

26. Жаңа жылды экзотикалық жерлердің бірінде қарсы алу;

27. Парашютпен секіру;

28. Өзіңе ғашық болу;

29. Бейтанысты кездесуге шақыру;

30. Мейрамхананың әжетханасында суретке түсу;

31. Қымбат киім сатып алу;

32. Жұлдызды аспанның астында жату;

33. Сноуборд тебу;

34. Бір күнді кітаппен өткізу;

35. Нағыз достарды кездестіру;

36. Көлік айдауды меңгеру;

37. Әлемнің жеті кереметін жақыннан көру;

38. Жартастан теңізге секіру;

39. Қорқыныштың алдын алу;

40. Қалталы аюлармен ойнау;

41. Теңіз саяхатына аттану;

42. Достарды алдап соғу;

43. Эйфель мұнарасының басына шығу; 

44. Аты-жөнді көрсетпей қайырымдылық жасау;

45. Сүйікті адамға тосыңнан сый жасау;

46. Кальян тарту;

47. Жеке блог құру;

48. Ибицада (Испания) сауық құру;

49. Шежіре құру;

50. Демалыс күндерді арнайы ойын-сауық орталықтарында өткізу;

51. Марафонға жүгіру;

52. Телефонды бірнеше күнге өшіріп тастау;

53. 3 сағат медитация жасап көру; 

54. Қолға тірі көбелекті ұстап тұру;

55. Теңіз жағасынан ат үстінде тұрған қалпы өту;

56. Көшеде біреумен танысу;

57. Үйсіз-күйсіз жүргенге тамақ сатып алып беру;

58. Флэшмобтың ортасында болу;

59. Компьютердің құлағында ойнап үйрену;

60. Отқа піскен картопты жеу;

61. Сүйіктіңмен бір күн бойы төсекте әңгіме құру;

62. Бір күн бойына бейтаныс қалаға кетіп қалып, сонда жалғыздықты бастан кешу;

63. Өз киноңды түсіру;

64. Үй салу;

65. Жұлдыздан қолтаңба алу;

66. Үлкен стадионда өтетін футбол ойынына бару;

67. Аңшылыққа шығу;

68. 100 шақырымнан аса великпен жүріп өту;

69. Өз қолыңмен бір нәрсе жасау және соны сату;

70. Әуе шарымен ұшу;

71. Піл немесе түйенің үстіне отыру;

72. Жер бетінің барлық түкпірінде болу;

73. Бразилиядағы карнавалға қатысу;

74. Үлкен таудың бөктеріне өрмелеп шығу;

75. Бір күнді орман ішінде өткізу және тек сол жерден тамақ тауып, азықтану;

76. Серфингпен айналысу;

77. Венскідегі операны тамашалау;

78. Еуропаның барлық қалаларын аралау;

79. Жақсылап суретке түсіруді үйрену;

80. Итальян тілінде сөйлеу;

81. Аргентинада танго биіне машықтану;

82. Теңізге киіммен шомылу;

83. Теңізге түнде жалаңаш түсу;

84. Вино сақталатын жертөлеге кіріп, сапасын анықтау;

85. Өз бейнеңді толығымен өзгерту;

86. Жанартауға шығу;

87. Нудист жағалауына бару; 

88. Қорқыныш тудыратын астың дәмін тату;

89. Журнал бетіне шығу;

90. Байқауда жеңіске жету;

91. Алып тасбақаның үстіне мініп жүру;

92. Батпақтың үстінен жүгіру;

93. Кабриолет көлігін жүргізу;

94. Голливудтық әртіспен танысу;

95. Құлпынайды артық жеп қою;

96. Жабайы тайпалардың басшыларымен тұмар алмасу;

97. Татуировка жасату;

98. Кітап жазу;

99. Қол жеткізген 100 жетістікті қағазға тізу;

100. Дельтапланда ұшу;

сурет:kervansaraymarmaris.com

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига