Капелло мен Гвардиола тарихтағы 20 ұлы бапкердің қатарында

Капелло мен Гвардиола тарихтағы 20 ұлы бапкердің қатарында

АҚШ-тың ESPN басылымы Ресей құрамасының бас бапкері Фабио Капелло мен мюнхендік «Баварияның» жаттықтырушысы Хосеп Гвардиоланы футбол тарихындағы ең ұлы 20 бапкердің қатарына кіргізіп отыр.

Қазіргі таңда 16-20 орындарда тұрған тренерлердің аттары берілген.

Капелло мансап жолында өз командасына 7 мәрте Италия чемпиондығын алып берген (1992, 1993, 1994, 1996, 2001, 2005, 2006), сонымен қатара Чемпиондар Лигасын да бір мәрте жеңіп алған (1994 жыл – «Милан»).

Сонымен бірге,  мадридтік «Реалдың» тізгінін ұстаған тұста Испанияның екі мәрте (1997, 2007) жеңімпазы атанған.

«Баварияның» бас бапкері Хосеп Гвардиола 5 жылдық тренерлік жолында алмаған жүлдесі қалмаған: Испания біріншілігі (2009, 2010, 2011), Чемпиондар Лигасынының жеңімпазы (2009, 2010), Кубок (2009, 2011) Испания Суперкубогі (2009, 2010, 2011) және УЕФА-ның ұйғарымы бойынша 2011 жылы "жыл жаттықтырушысын" иеленген.

20: Фабио Капелло ("Милан", "Реал", "Рома")

19: Удо Латтек ("Бавария", "Боруссия" Мюнхенгладбах, "Барселона")

18: Пеп Гвардиола ("Барселона")

17: Джок Стейн ("Селтик")

16: Бела Гуттманн ("Бенфика", "Порту", "Сан-Паулу")

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Сурет: polit.ru; sport.today.kz

Л. Лига