Аспан құбылысы АҚШ-ты мазалауда (Видео)

Аспан құбылысы АҚШ-ты мазалауда (Видео)

Бұл сурет (төмендегі ашық аспан суреті) сәрсенбі күні Ханимун-Айлендте (АҚШ) түсірілген. Майк Вейт аспаннан өзгеше құбылысты байқап қалып, суретке түсіріп, "Tampa Bay Times" газетінің редакциясына жөнелтіпті. Мамандармен кеңесе келе, газет бетінде "Бұл бұлт-түтік! Бұл көлеңке! Жоқ, бұл... бұл не болуы мүмкін?" атты мақала жарық көрді. 

Bay News 9 телеарнасының жүргізуші метеорологы Майкл Клэй де түсініксіз құбылысқа анықтама бере алмаған. Мамандардың бір бөлігі ақылдаса келе, ұшақ инверсиясының ізінен туындаған көлеңке болуы мүмкін делінген теорияны алға тартқан. Алайда, бұл теорияға көпшілігі сенім білдірмеуде екен.

Сурет әлеуметтік желілерге жол тартқан соң, YouTube бетінде қара жолақ түскен бірнеше түсініксіз роликтер пайда бола кетіпті.

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Сурет: akeupamericans-spree.blogspot.ru

Л. Лига