SMS хат арқылы іске қосылатын шәйнек

SMS хат арқылы іске қосылатын шәйнек

Ғалымдар шәйнекті іске қосудың жаңа әдісін ойлап тапты. Енді әдетте ерінетін жұмысты SMS арқылы орындауға болады. Бұл үшін өзіңіздің темір шәйнегіңізге «Іске сәт!» деп хабарлама жіберсеңіз болғаны.

Мұны ойлап табушы Orange және PG Tips біріккен компанияларының мамандары. Жаңа жетістікке «ReadyWhenUR» деген атау берілді. Қара және сұр түсті етіп жасалатын темір шәйнек иесінің жолдаған хаттарын түсінетін радиоресивермен жабдықталған. Мұнымен қатар келген нұсқауды қабылдайтын миниатюралы электрлік схемалары бар. Ал ас үйдегі көмекшінің бағасы 200 АҚШ долларын құрайды.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: nadavi.ru

Қ. Бүйенбай