Генаның келесі қарсыласы Кертис Стивенс болуы мүмкін

Генаның келесі қарсыласы Кертис Стивенс болуы мүмкін

WBA/IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы 28 жасар американдық Кертис Стивенс болуы мүмкін,-деп хабарлайды Allboxing.ru. Осыған байлнысты Генаның промоутері Том Леффлер Стивенстің соңғы өткізген кездесуіне өз пікірін білдірген екен. Айта кетейік, жақында Кертис Стивенс мексикандық Сауль Романмен жұдырықтасып, оны нокаутпен жеңген болатын.

«Біз Стивенсті Головкиннің келесі қарсыласы ретінде қарастырып отырмыз. Меніңше, Стивенс өзінің соңғы кездесуінде мықты боксшы деп саналған Романды бірінші раундта нокаутқа жіберу арқылы көпшілікке таңдай қақтырды. Сондай-ақ Головкинмен кездесу оны Мартин Мюррейге қарағанда қатты қызықтырып отыр. Ал өз кезегінде Головкин осыған дейін әлемдегі орта салмақтағы кез-келген боксшымен шығуға дайын екенін айтқан болатын. Сондықтан олардың барлығы да Генаның бұл сөзінен хабардар»,-дейді Леффлер.

Естеріңізге салсақ, Головкин соңғы рет өз атағын 30-маусым күні британдық Мэттью Маклинге қарсы кездесуде қорғаған еді. Қазақстандық қарсыласын үшінші раундта-ақ ауыр нокаутқа түсіріп, жеңіске жеткен болатын. Кейін Головкин осы жылдың соңына дейін тағы екі рет рингке шығуды жоспарлап отырғандығын айтты. Алайда қарсыластарының кім болатыны әзірге ресми түрде жариялана қойған жоқ.

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: vk.com

Б. Қосмағамбет