Galaxy Note 3 смартфоны қыркүйекте таныстырылатын болды

Galaxy Note 3 смартфоны қыркүйекте таныстырылатын болды

Бүгін корейлік Asia Economic басылымы Samsung компаниясының үлкен анонсы 4-қыркүйекте болатынын хабарлады. Сонымен корейлік алпауыт IFA 2013 көрмесінің ашылуынан бірнеше күн бұрын көпшілік асыға күткен Galaxy Note 3 смартфоны мен "ақылды" сағатының таныстырылымын жасамақ. Сондай-ақ ол Ресей мен Азия елдерінде де осы айда сатылымға шығады деп күтілуде. 

Сонымен соңғы ақпараттарға сүйенсек, жаңа құрылғы 5,7-дюймды Full HD мүмкіндіктегі Super AMOLED дисплейіне ие болмақ. Оған өзінің туысы Galaxy S4 смартфонындағы сияқты екі түрлі процессор орнатылады: 1,9 ГГц жиіліктегі сегіз ядролы Exynos 5 Octa және 2,3 ГГц жиіліктегі төрт ядролы Qualcomm Snapdragon 800. Одан бөлек, онда 3-гигабайтты оперативті жады бар модуль де болмақ. Смартфон соңғы технологияларды қолдайтын датчиктерге, байланыс модульдеріне және де басқа көптеген қызмет түрлерін қолдайтын болады. 

Құрылғы камерасын да үлкен өзгерістер күтіп тұр. Гаджет камерасында ксенонды жарқылы бар 13-мегапиксельді модуль мен оптикалық тұрақтандырғыш жүйесі болады. Сондай-ақ корпуста камера үшін жеке батырма қолданылады деп айтылып отыр. Смартфон Android 4.3 операциондық жүйесімен жабдықталмақ. 

1

Смартфоннан бөлек, қыркүйек айында "ақылды" сағаттардың да таныстырылымы болатынын айта кетейік. Алайда IFA 2013 көрмесіне шолу жасаушылар бұл сағат жөнінде әзірге ешқандай ақпаратқа қол жеткізе алмай отырған көрінеді. Егер алдағы уақытта осы девайс жөнінде қандай да бір мәліметтер пайда бола қалса, біз сіздерге оны міндетті түрде хабарлайтын боламыз. 

 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: s4galaxy.ru

Б. Қосмағамбет