Гүл туралы тәмсіл

Гүл туралы тәмсіл

Көп үйлердің бірінде әдемі гүл өсіп тұрды. Бірақ, бірде оның жапырақтарын жау алып, көп кешікпей сарғая бастады. 

Үй ішінің мүшелері аяқ астынан не болып қалды, неге бұлай болды деп ойланды. Гүлді емдеудің әртүрлі әдіс-тәсілдері ұсынылып, дау-дамай туындай бастады. Бірі қауашақ ауыстыру керек десе, енді бірі жарыққа қою, топыраққа қоспалар араластыру туралы ақыл-кеңестер айтыла бастады. Сөйтіп, үкендер жағы өз алдына бөлініп, ойланып кеткендері соншалықты, әлгінде ғана кішкентай қыздың су әкеліп, гүлге құйғанын көрмей де қалды. Дау-дамай одан ары жалғасып, үлкендер мазаланып жатты. 

Кешкілік уақытта гүлге реңк бітіп, балғын бояуы қайта оралды.

Барлығы таң-тамаша қалып, "ғажап, ғажаптан..." ары аса алмады. 

Ал гүлге бір кесе ғана су керек болатын, жай ғана оған су құю ұмытылып кетіп еді.

* * *

Кейде адамдар шешім қабылдауда тереңге үңіліп кетеді, ал ол уақытта шешімі жоғары қабатта тұрса да.

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Сурет: diary.ru

Л. Лига