Бокс қолғабының зияны

Бокс қолғабының зияны

Спорт сарапшылары қолғапсыз өткен бокстың қауіпсіз болатындығын айтып отыр.

Бұлай дейтініміз, ешбір қорғаныс құралдарының қатысуынсыз өткізілген ерте замандардағы бокс ойындарына қатысушылар әлдеқайда ұқыпты, абай болған екен. Бұл әрине қарсылас үшін емес, өз қолының, өз дене мүшесінің амандығы үшін болды. 

Бергі замандарда бокс қолғабының ойлап табылуы ойынның ережесін тым қиындатып жіберді: енді қатысушылар өз басына келетін зақымнан қорықпастан қарсыластың басына немесе басқа да жерлеріне аяусыз соққылар бағыттайтынды шығарды.

Бокс қолғабы қолданысқа енбеген кезеңдерде бокстағы ең кең таралған жарақаттар бет терісінің сырылуы, көгеруі, қолдың сынуы болса, бүгінде бұл тізімді мидың шайқалуы, бас сүйек-ми зақымы толықтырып отыр. Бұл кез келген спортшының өміріне аса қауіпті.

Солай бола тұрғанымен, бокспен айналысуды бастаған жас спортшыларға қол буындарын қорғау үшін бокс қолғаптарын қолдануға кеңес берген болар едік.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Суреттер: wallon.ru