Ибрагимовичтің голы - маусымның үздік голы (видео)

Ибрагимовичтің голы - маусымның үздік голы (видео)

TV Golo нұсқасы бойынша, Швеция құрамасы мен "Пари Сен-Жерменнің" шабуылшысы Златан Ибрагимович өткен маусымның ең үздік голының авторы атанып отыр.

Дауыс беру барысында Швеция мен Англия құрамалары арасындағы жолдастық кездесуде (4:2) соғылған гол жеңіп шықты. Естеріңізде болса, сол жолы Ибрагимович айып алаңынан сыртта тұрып, Харттың жіберген қателігін ұрымтал пайдаланып, өз үстінен асырып доп тастаған болатын. 

Қоса кетсек, сол жолғы ойында шведтер тарапынан соғылған төрт голды да "ПСЖ" ойыншысы өз еншісіне жазған-ды.

Екінші орын дауыс беру барысында "Бенфиканың" шабуылшысы Родриго Лимаға бұйырған болса, ал үшінші орын аталған футболшының командалас әріптесі Неманья Матичке еншіленіпті. 

"Өткен маусымның ең үздік голына" ұсынылған голдар.

 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Сурет: cenasmaradas.net

Л. Лига