Эфиопия мен Ямайка ӘЧ баратын атлеттерінің тізімін жариялады

Эфиопия мен Ямайка ӘЧ баратын атлеттерінің тізімін жариялады

Ресей астанасы Мәскеу қаласы қабылдайтын жеңіл атлетикадан әлем біріншілігіне баратын фаворит құрамалардың бірі Эфиопия мен Ямайка жарысқа қосатын спортшыларының тізімін жариялады. 

Эфиопиялық команда 5 000 және 10 000 метрге жүгіруден үш дүркін Олимпиада чемпионы Тирунеш Дибаба мен 5 000 метрге жүгіруден екі мәрте Олимпиада шыңын бағындырған Месерет Дефарға сенім артып отыр. Олардан бөлек әлем чемпионатында марафондық жүгірістен Лондон Олимпиадасының чемпионы Тики Гелана да өнер көрсетеді. Бұл туралы Бүкілресейлік жеңіл атлетика федерациясының ресми сайты хабарлайды. Ал 5 000 және 10 000 метр қашықтыққа жүгіруден үш дүркін Олимпиада чемпионы Кенениса Бекеле тек қосалқы құрамға енді.   

Жеңіл атлетикадан әлемдегі ең табысты құрамалардың бірі Ямайка болса, оның көшін ең атақты спринтерлер Усэйн Болт пен Шелли-Энн Фрэйзер-Прайс бастап тұр. Жалпы Ямайка құрамында бұл жарысқа 45 спортшы қатысатын болды. Дегенмен команда құрамында барлық жұлдыздар бар деп айта алмаймыз. Мысалы 100 метрге жүгіруден қазіргі кездегі әлем чемпионы Йохан Блейк пен 200 метрге жүгіруден екі дүркін Олимпиада чемпионы Вероника Кэмпбелл-Браун ұлттық құрама сапына кірген жоқ. Йохан Блейк жарақатына байланысты келе алмаса, соңғысы антидопингтік заңнаманы бұзғаны үшін жарыстан шеттетілді.   

Сонымен Ямайка атлеттерінің толық тізімі төмендегідей:   

Ерлер:

Усэйн Болт, Кимар Бэйли-Коул, Никел Эшмид, Неста Картер, Уоррен Вейр, Джейсон Лайвмор, Ошейн Бэйли, Джейвери Белл, Джейвон Фрэнсис, Рушейн Макдональд, Ахим Гаунтлетт, Омар Джонсон, Эдино Стил, Ханс Парчмент, Эндрю Райли, Дуайт Томас, Лифорд Грин, Аннсерт Уайт, Иса Филлипс, Деймар Форбс, O’Дэйн Ричардс, Рэймон Браун.

Әйелдер:

Шелли-Энн Фрэзер-Прайс, Керрон Стюарт, Скиллони Калверт, Шерри-Энн Брукс, Анниша Маклафлин, Новлин Уильямс-Миллс, Стефени-Энн Макферсон, Патришия Холл, Натойя Гоул, Дэниэль Уильямс, Андреа Блисс, Шермейн Уильямс, Калис Спенсер, Ристананна Трэйси, Дэниэль Доуи, Никеша Уилсон, Франсин Симпсон, Кимберли Уильямс, Кэрри Расселл, Наташа Моррисон, Анастейша Лирой, Кристин Дэй, Розмари Уайт.

Естеріңізге сала кетейік, жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты биыл Мәскеудегі "Лужники" стадионында 10-18 тамыз аралығында өтеді. Қазіргі сатылымдағы билеттердің бағасы 1 500 - 10 000 рубль аралығында. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: interfax.by

Б. Қосмағамбет