Әскери бағыттағы балабақша

Әскери бағыттағы балабақша

Тайванның Тайчжун қаласында 3 пен 6 жас аралығындағы балаларға арналып балабақша ашылды.

Балабақшаның ерекшелігі - мұнда балалар камуфляж киімімен теңіз әскерлерінің өмірінен алынған жаттығуларды жасайды. Көпшілік жаттығулардың бұл түрлері балалардың мінез-құлқын саралап, өмір қиындықтарына дайындауда өте-мөте қажетті екен - ата-аналардың ойынша. 

Бастаманы (балабақшадан бастап тәлім беру, әскер өмірге үйрету) ең бірінші болып Фун Юнь мырза қолға алған. Тайван балаларының өжет еместігі, батырлық рухтың төмендігі (өзге елдің балаларымен салыстырғанда) мазалап келіпті. Балалар тәрбиешісі Чен И-хсин бірлесе отырып, бағдарлама құрылымдап, ақыл-ойды дамытуда әскери жаттығулар мен гимнастиканы енгізген.

Фун Юнь мырзаның сөзіне сенсек, балалар болашағы алда жақсара түспек. 

Бұл тұста тайван ата-аналарының да түсінік-ұғымы да бір арнада табысып, кейбір отбасылар балаларын алыс, шет аймақтан алып келіп жүргенін айта кеткіміз келеді. Балалары сатылармен көтеріліп, білезікпен тік тұрып, домалау әдісі мен өзгеде жаттығу түрлерін (теңіз әскерінің өмірінен алынған) орындаған соң, соңында тест алынып, бағдарламалардан өту деңгейі анықталмақ.

Балабақша өкілдері балалар өміріне қауіптің жоқтығын ескертеді.

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Сурет: novate.ru

Л. Лига