"Ақылы асса аға де" немесе бүгінгі вундеркиндтер

"Ақылы асса аға де" немесе бүгінгі вундеркиндтер

Адамдардың көбі өзінің кәсіби саласында кемеліне жетуге ұмтылады – бірі мансаптық шыңға есейген кезінде жетсе, енді бірі өзінің асқан дарындылығы арқасында бала кезінде-ақ үлкендерді артта қалдырып жатады. Назарларыңызға түрлі салаларда айтарлықтай жетістікке жеткен бүгінгінің жас данышпандарын ұсынамыз.

1. Микаэла Фудолиг


Микаэла Ирэн Фудолиг Филлиппин университетіне бар жоғы 11 жасында қабылданған, ал 16 жасқа келген шағында физика ғылымдары бойынша бакалавр дәрежесін алған. Қазіргі таңда Микаэла дәл сол университетте профессор ретінде қызмет атқарады. Ол эконофизикамен айналысады екен.

2. Акрит Ясвал


Үндістандық Акрит Пран Ясвал өзінің бірінші хирургиялық операциясын жасағаннан соң кеңінен танылды. Себебі операция жасау кезінде ол бар болған 8-де болған. Сол уақытта Ясвал әлі дәрігер болмағанына қарамастан, таныстары арасында медицина данышпаны деген атағы болған. Сегіз жастағы досы қолын күйдіріп алған кезде Акрит құрдасының саусақтарын бөліп берген.  

12 жас шағында Акрит медицина университетіне түседі, ал 17-ге келгенінде қолданбалы химия саласы бойынша магистрлік дәрежеге ие болады. Бүгінде үндістандық азамат обыр ауруына қарсы дәрі табумен айналысуда.

3. Тейлор Уилсон

Тейлор Рамон Уилсон жұмыс фузорын жасап шыққан әлемдегі ең жас адам. Аталған зат ядерлік синтез реакциясына арналған құрылғы. Тейлор 10 жасында ядерлік бомба жасап шыққан, ал фузорды 14-ке толғанда жасаған. 2011 жылдың мамыр айында Тейлор Intel-дің халықаралық ғылыми-техникалық жәрмеңкесінде өтпелі сәулелену детекторы үшін сыйлықпен марапатталды.

Ал ағымдағы жылдың ақпан айында ол TED-2013 конференциясында өзінің ғылыми идеяларына байланысты сөз сөйледі. Тейлор шағын ядерлік реактор жасап шыққан, оның сөзіне сенер болсақ, аталған реактор 50 МВт электрқуатын шығара алады және оны 30 жылда тек бір рет қуаттаса жетерлік.

4. Камерон Томпсон


Камерон Томпсон – Солтүстік Уэльс жерінің математикалық данышпаны. Төрт жасында Камерон нөлді ең кішкентай сан деп айтқан мұғалімді түземек болып, оқытушыға теріс сандарды ұмытып кеткенін айтып өткен. 11 жасында ол Ұлыбританияның Ашық университетінде математика бойынша дәреже алды. Дәл сол жасында Камерон ең ақылды жасөспірім ретінде ВВС арнасынан көрсетілді. Өкінішке орай, Аспергер ауруына байланысты Камероннның оқуында біршама қиындықтар бар, дей тұрғанмен ол әлемдегі ең жас математикалық данышпандардың бірі болып саналады.

5. Джейкоб Барнетт


Джейкоб Барнетт – американдық математик. Екі жасында дәрігерлер балаға ауыр аутизм диагнозын қойған. Дәрігерлер баланың кейін сөйлей де, жаза да, оқи да алмайтындығын айтқан. Алайда Джейкоб үшке келгенде дәрігерлердің қатты қателескені анықталған – бала әліппені басынан соңына дейін және керісінше жаңылмай айтатын болған.

Өзінің докторлық диссертациясын жазу кезінде Барнетт күндердің бір күні Эйнштейннің салыстырмалылық теориясын теріске шығаратынын мәлімдеген. Қазіргі таңда ол кванттық физика саласы бойынша диссертация жазумен айналысуда.

6. Марк Тянь Боэдихарджо


Марк Тянь Боэдихарджо Гонконгте дүниеге келген, ол – Гонконг университетіне түскен ең жас адам: оқуға 9 жасында қабылданған. Ол математика мен статистикаға ерекше көңіл бөлінген арнайы бағдарлама бойынша білім алған.

Қазір Маркте екі диплом, математика ғылымы бойынша бакалавриат дәрежесіжәне 2011 жылы алған математика саласы бойынша философия магистрі дәрежесі бар. Айта кетсек, магистрлік дәрежені Марк қарастырылған оқу жоспарынан бір жыл бұрын иемденген. Бүгінде ол АҚШ елінде математика философиясы бойынша докторлық дәреже алуда.

7. Приянши Сомани


Үндістандық Приянш Сомани өте ерекше қабілетке ие. Ол қиын саналатын математикалық есептерді ойында шығара алады. 11 жасында Сомани «Mental Calculation World Cup» жарысында 1-орынды иеленген: Приянши квадраттық түбірдегі он алты таңбалы санды рекордтық 6 минут және 51 секундта анықтау арқылы 16 елден келген 36 бәсекелесті артта қалдырды.

8. Аким Камара


Аким Камара – Берлиндік скрипкашы. Ол скрипкада ойнауды екі жасында бастаған екен және 3 жасында рождестволық концертте өнер көрсеткен.

9. Итан Бортник


Итан Бортник – музыкант, ән авторы және актер. Үш жаста болған кезінде ол клавесинде ойнауды үйренеді, ал 5-ке келген шағында өз бетінше музыка жаза бастайды. Оның бірінші рет өнер көрсеткен сәті 2007 жылы «The Tonight Show» бағдарламасында болған.

Итан әлемдегі ең жас жеке орындаушы ретінде Гиннесс рекордтар кітабына енген. Сонымен қатар, ол Лас-Вегаста өнер көрсеткен ең жас хедлайнер болып саналады – концерт Итан 10 жас кезінде болған.

10. Таниш Мэттью Авраам


Таниш Мэттью Авраам – Менсаның (Менса жоғары интеллектке ие ең ірі, әрі ең танымал ұйым) ең жас мүшелерінің бірі. Аталған ұйымға Таниш 4 жасында кірген. Таң қаларлығы, Таништің дарындылығы небәрі 4 айлық кезінде байқала бастаған – ол балаларға арналған кітапшаларды қарап, олардың мазмұнына қатысты қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беретін болған.

Менсаға мүше болу кезінде ол Менсаның IQ  тестінен 99,9% жинаған. 5 жасында Таниш Стэнфорд университетінің дарынды жастарға арналған математика бағдарламасының 5 курсын бар болғаны 6 айда аяқтаған.

6 жасында ол орта мектепке барады,  сосын ЖОО-ға.  Жоғары оқу орнындағы пәндер бойынша оның орташа көрсеткіші  4.0-ден кем болмаған. Сонымен қатар, ол жиі өзінің эсселерін НАСА-ның Ай институты вебсайтына жариялап тұрады.  

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: science.mirtesen.ru, publy.ru

Ж. FM