Жосығы жоқ жоспар жоқтан жақсы

Жосығы жоқ жоспар жоқтан жақсы

Дамуға және өзіңізді-өзіңіз дамытуға бағытталған болсаңыз, онда осы бір кеңестерге көз жүгіртіңіз. Бақытты болудың қарапайым сырлары...

* * * 

1. Алған білім Сіздің алдағы өсіп-өнуіңізге кепілдік бере алмайды, бастысы - алған білімді жүзеге асыратын ептілік. 

2. Мүмкіндіктерді іздестірмеу керек, тудыру қажет.

3. Бүгін басталмаған нәрсенің ертең бітуі мүмкін емес. Сондықтан, кейінге қалдырмаңыз. 

4. Өзгерістен қорқудың қажеті жоқ. Өзгерістер көбіне керек сәтте келеді. 

5. Өміріңіздің 10 пайызына бағынбайтын жағдаяттар әсер етсе, ал қалған 90 пайызы біздің қалай әсер еткенімізде болып отыр. 

6. Амал-айласыз жақсы ой — түк те емес. 

7. Мақсатты жүзеге асыруда керемет қолайлылық күткен болсаңыз, ештемесіз қаласыз. 

8. Жасап жатқан нәрсеңізді жалғастыра берсеңіз, алып жатқан нәрсеңізді ала бермексіз. 

9. Бәрінен артық нәрсені және соның бәрін қазір алу үшін тәртіпті бірінші кезекте таңдайсыз. 

10. Жол қаншалықты қиын болса, соншалықты жетістік көбейе түспек.

11. Ауыр күндердің өмір бойына созылуы мүмкін емес, ал егер өзіңіз қиындатар болсаңыз - мәңгілікке. 

12. Өз дегендеріне жету үшін, жетекші тұлғалар ең алдымен сәтсіздікке ұшыраған. 

13. Бірде-бір адам олжалы болып туылмайды.

14. Көп заттарды біз әлі естіп те білмедік. 

15. Жосығы жоқ жоспар жоқтан жақсы. 


16. Алдымен "иә" деп жауап беріп үйренгеніңіз дұрыс. Бұл сіздің өміріңізді жанжақтыландырып және көздеген мақсатыңызға жетуге көмектеседі. Артынша, іс-жоспардан мойын бұрмай, артық-ауыз сабырдан арылу үшін "жоқ" деп жауап беріп үйреніңіз.

17. Тұрмысқа қалай нәпақа тапқаныңыздан бөлек, Сіз бір ғана адамға жұмыс істейсіз - ол өзіңіз. Бастысы - кімге сатылып-сатылғаныңыз.

18. Барлығының өз мықты тұстары бар. Біреуде жүзеге асқан нәрсе сізде жүзеге аспауы мүмкін немесе керісінше. 

19. Алдымен жаман ойлармен тоғысып алмай, Сіз ешқашан жақсы ойлардың иесі атана алмайсыз. 

20. Қолы бос болмау және өнімді болу — екеуі екі бөлек нәрсе. 

21. Бақыты болу және олжалы болу — екеуі екі бөлек нәрсе. 

22. Әрбір сәтте шешім бар. 

23. Жетістік — бұл өзгелерге емес, өз мүмкіндігіңізге жағдай басымдылығыңыз. 

24. Өмір мүмкіндікке толы, соның арқасында кім болғыңыз келсе, сол боласыз. 

25. Сіз толыққанды бақытты болуға әбден құқылысыз. Сол құқықты орындау немесе орындамау өзіңізге байланысты. 

26. Супермен, жолы болмағыш деген жоқ. Кез келген адамның ұшатын, қайтара кейін түсетін тұстары болады. 

27. Сіздің жеке жетістігіңіз Сіздің жеке өміріңізге ғана емес, Сізді қоршаған айнала адамдарға да сәуле шашсын. Немесе, толыққанды жетістік емес. 


28. Кез келген ақымақ сынға алып, пікір пішіп, шағым түсіре алады және көпшілік ақымақтар және осылай істейді де. 

29. Ашуыңыз көмір секілді қызып, біреу-міреуге лақтыруға дайын тұрсаңыз, онда есіңізде болсын: өзіңіз күйіп қалуыңыз мүмкін.

30. Өмір әрқашан қисынды емес. 

31. Мазаланған сәтте Сіздің ой-естелігіңіз өзіңізге ұнамсыз сол сәттің сурет, кескінін сала кетеді. Сонымен бір қатарда, әлгі сурет, кескіндердің ақиқаттылықтан ауылы алыс. Осы үшін күш жұмсауға бола ма екен? 

32. Өмірде жаман да, жақсы да нәрсе жоқ. Біз өзіміз тұрмыс күйбенін ақ немесе қара түске бояймыз.

33. Сіздің өміріңізде орын алған нәрселер, белгілі бір себеппен сабақ алуыңызға мұрындық болады. Ал сол сабақ Сіздің алға жылжуыңызға көмектеседі.

34. Әрбір адам қателікті ақыл-ойдан тыс жасайды. 

35. Жетістікке қарағанда, жетістікке жету жолы адамға жеке тұлғалылықты сыйлайды. 

36. "Қатер жоқ" деген ұғымның бар болуы мүмкін емес. Сіз жасаған немесе жасайтын нәрсе қалай десек те тәуекелмен тығыз байланысты.

37. Уақытында айтылған "жоқ" сөзі сол уақытта сізге үлкен көмек көрсетуі мүмкін "иә" сөзіне қосымша уақыт пен шикізат жинап бермек.

38. Бір нәрсе жасай алуыңыз бір нәрсені жасауға міндетті екеніңізді көрсетпейді. 

39. Эмоциялар — маңызды шешім қабылдар тұста нашар кеңесшілер. 


40. Шынайылық табысқа жетудің басты кепілі болып саналады. Бірақ, үнемі шынайы болып қалу, қиынның қиыны. 

41. Егер Сіз махабатты қаласаңыз, махаббат сыйлаңыз. Егер Сізге достық керек болса, дос көңілділік танытыңыз. Егер сіз ақшаны қаласаңыз, өзіңізді бағалылыққа санаңыз. 

42. Егер Сіз шатыссаңыз, онда оның еш жамандығы жоқ. Бұл Сіздің өз-өзіңізбен жұмыс істейтініңіз бен және сол процесстің жүзеге асырылып жатқанынын көрінісі. 

сурет:vk.com; www.corcaroli.nl 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига