"Барселонаға" жаңа бапкер келді

О Сансызбай Корреспондент
"Барселонаға" жаңа бапкер келді

Каталондық "Барселона" клубын аргентиналық маман Херардо Мартино жаттықтыратын болды. Бұл туралы испандық Marca басылымы хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

Испандық клуб 50 жастағы Херардо Мартиномен 3 жылдық келісім-шартқа қол қойды. Енді "Барселонаның" бапкерлік құрамында аргентиналық маманның көмекшілері Эльвио Паолороссо мен Хорхе Паутассо да бірге қызмет атқаратын болады.

Бұған дейін "Барсаның" жаңа бапкері аргентиналық "Ньюэллс Олд Бойз" командасын жаттықтырғаны белгілі. Сонымен қатар, Парагвай ұлттық құрамасымен 2010 жылғы әлем чемпионатының ширек финалына дейін, 2011 жылғы Америка Кубогында ақтық сынға дейін жеткен.

Естеріңізге сала кетейік, "Барселонаның" бас бапкері 44 жастағы Тито Виланова денсаулық жағдайының нашарлауына байланысты өткен аптада өз еркімен қызметінен кеткен болатын.  

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

сурет: vk.com