Мысықтар түнде қайда барады?

Мысықтар түнде қайда барады?

Британиялық ғалымдар өздерінің жаңа зерттеу жаңалықтарымен бөлісті. Бұл жолы эксперимент ретінде мысықтардың түнгі өмірі алынды. Олардың айтуынша, адамдар үйлеріндегі мысықтары жайлы тым аз біледі. Сол себепті 50 мысыққа арнайы камералар кигізіліп, түнде қай жаққа баратындығын анықтады.

Бақылау нәтижесінде олардың үйдің маңынан алысқа кетпейтіндігі мәлім болды. Айналаны мекендеп, өзі секілді мысықтармен жолықпауға тырысады екен. «Түнде қыдыруға азық іздеу мақсатымен шығады» дейді ғалымдар. Шындығында, олар тышқан аулау деген секілділерді осы күндері мүлдем қойған.

Сүйкімді жануарларын үй тамағымен тым еркелетіп жіберген қожайындардың өзі кінәлі. Тышқан аулаудың орнына мысықтар көршілеріне барып тамақтарын ұрлайды екен. Мысық тісі мен алақандарынан табақтағы жем мен үйдегі астың бұзылуы әбден мүмкін.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: livesmi.com



Қ. Бүйенбай