Зиданның қорқынышы

Зиданның қорқынышы

Мадридтік «Реалға»  Карло Анчелоттидің көмекшісі болып барған Зинедин Зидан әлі күнге бапкерлік жұмысқа кіріспегенін және қатты қорқатынын мәлімдеп еді. 

Зинедин Зидан, «Реал» клубының бапкер көмекшісі:

"Адамдарға сенуден қорықтым. Өйткені, олар менің сенімімді ақтай алар ма деген қорқыныш бар. Өзіме деген сенімділікті тауып, мен ендігі таңда адамдармен әңгімеде ашыла бастадым.

...Жақсы футболшы болдым деген сөз жақсы бапкер боласың деген сөз емес. Тренерлік мансап жолында кепілдік бола алмақ емес". 

Зиданның сөзіне сенсек, футболдағы жетістікті бапкерлікпен дәлме-дәл ұштастыру көп жағдайда мүмкін емес көрінеді. 

Marca басылымы хабарлап кеткендей, жақында ғана Зинедин Зидан Францияның Футбол Федерациясынан бапкерлікке рұқсатнама алған болатын.

1998 жылдың әлем чемпионы бүгінгі күні Анчелоттидің көмекшісі есепті өз қызметіне кіріспек.

сурет:footballisimo.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига