Кукушкин АТР рейтингісінде 11 сатыға көтерілді

Кукушкин АТР рейтингісінде 11 сатыға көтерілді

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин кәсіпқой-теннисшілердің Ассоциациясы рейтингісінде (АТР) 11 сатыға жоғарылады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Өткен аптада Кукушкин Стамбулда "Челленджер" сериясы аясында өткен турнирдің ширек финалына дейін жетіп, кейін ол израильдық Дуди Селеге жол берген болатын. Енді жаңарған рейтингте қазақстандық 180-орынға жайғасып отыр.  

Қазақстанның бірінші ракеткасы Андрей Голубев болса бір аптаның ішінде бір сатыға төмендеп енді ол 142-орыннан көрініп отыр. Ал Евгений Королев болса 10 орынға төмендеп, нәтижесінде 181-ші орынға жайғасты. Юрий Щукин бірден 104 сатыға төмен сырғып, қазір ол 593-орында.

ATP рейтингісінің алғашқы ондығында өзгеріс орын алған жоқ. Көшбасында баяғыдай серб Новак Джокович орналасса, одан кейінгі орында Энди Маррей мен испандық Давид Феррер тұр. 

15 шілдедегі ATP рейтингісі:

1 (1). Новак Джокович (Сербия) - 12310 очков,
2 (2). Энди Маррей (Ұлыбритания) - 9360,
3 (3). Давид Феррер (Испания) - 7120,
4 (4). Рафаэль Надаль (Испания) - 6860,
5 (5). Роджер Федерер (Швейцария) - 5785,
6 (6). Томаш Бердых (Чехия) - 4865,
7 (7). Хуан Мартин дель Потро (Аргентина) - 4500,
8 (8). Жо-Вильфрид Цонга (Франция) - 3480,
9 (9). Ришар Гаске (Франция) - 3045,
10 (10). Станислас Вавринка (Швейцария) - 2915,
...142 (143) Андрей Голубев (Қазақстан) - 388,
180 (191). Михаил Кукушкин (Қазақстан) - 264,
181 (171). Евгений Королев (Қазақстан) - 263,
593 (489). Юрий Щукин (Қазақстан) - 43,
616 (581). Денис Евсеев (Қазақстан) - 41.

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: gotennis.ru

Б. Қосмағамбет