Apple-дың танымал және қымбат қосымшалары тегін жүктелетін болды

Apple-дың танымал және қымбат қосымшалары тегін жүктелетін болды

Apple компаниясы тұтынушыларына App Store онлайн-дүкенінде орналасқан өзінің кейбір танымал және қымбат тұратын қосымшаларын (приложение) тегін жүктей алатындай мүмкіндік жасады. 

Компания мұндай қадамға App Store дүкенінің ашылғанына бес жыл толу мерекесіне орай барып отырған көрінеді. Сонымен тегін қосымшалардың қатарына енді Traktor DJ музыка баптаулар бағдарламасы, Infinity Blade II экшны, Superbrothers шытырман оқиғалы квест: Sword and Sworcery EP; Where's My Water?, Badland, Tiny Wings аркадалары және т.б қосымшалары кіріп отыр. 

Сонымен қатар Day онда One күнделігі, Over фотобаптаулары және Barefoot World Atlas 3D-атласы да бар. Осыған дейін бұл аталған қосымшалардың бағасы біршама қымбат болған еді. Мысалы, iPad-қа арналған Traktor DJ 19,99 доллар тұрған екен.  

Әзірге Apple тегін қосымшалардың толықтай тізімін ұсына қойған жоқ. Көпшілік оны App Store компаниясының ашылу күніне орай, яғни 10-шілдеде ресми түрде жариялайды деп болжайды. 

App Store 2008 жылдың шілде айында іске қосылған болатын. Бұл онлайн-дүкені арқылы iPhone, iPad және iPod гаджеттерінің иелері әртүрлі ойындар, сөздіктер мен басқа да қосымшаларын жүктей алады. Қазір онлайн-дүкенде 850 мың қосымша орналастырылған. Ал биылғы жылдың мамыр айына дейін ол жерден әлем бойынша 50 миллиардтан аса қосымша жүктелген екен. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: yablochno.com

Б. Қосмағамбет