«Тур де Франсқа» қатысатын «Астана» командасының кеңейтілген құрамы

«Тур де Франсқа» қатысатын «Астана» командасының кеңейтілген құрамы

Халықаралық додаларда еліміздің намысын қорғап жүрген «Astana Pro Team» велокомандасы «Тур де Франс» көпкүндігіне қатысуы мүмкін деген 13 шабандоздың тізімін жариялады.

«Astana Pro Team» командасының бас менеджері Александр Винокуровтың айтуынша, велоспорт әлеміндегі ең бәсі биік додаға қатысатын 9 спортшының тізімін алдағы аптада анықтайды екен.

«Біз Швейцария жерінде өтетін жарыста жігіттердің барлығын да електен өткізетін боламыз. Содан кейін барып, «Тур де Франсқа» қатысатын шабандоздардың толық тізімін жасаймыз. Бүгінде команданың капитаны анықталды. Ол – Якоб Фульсанг. Франция жерінде дәл осы спортшыға жұмыс істейтін болады жігіттер», - дейді Винокуров.

«Astana Pro Team» командасының «Тур де Франс» көпкүндігіне жариялаған кеңейтілген құрамы:

Якоб Фульсанг (Дания)
Асан Базаев (Қазақстан)
Янец Брайкович (Словения)
Энрико Гаспаротто (Италия)
Франческо Гавацци (Италия)
Андрей Гривко (Украина)
Якопо Гуарниери (Италия)
Андрей Кашечкин (Қазақстан)
Фредрик Кессякофф (Швеция)
Алексей Луценко (Қазақстан)
Дмитрий Муравьев (Қазақстан)
Кевин Зельдраерс (Бельгия)
Егор Силин (Ресей). 

Естеріңізге сала кетсек, биылғы велодода 29 маусымда бастау алып, 21 шілдеде мәресіне жетеді. 

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: astanafans.com

Ю. НИКУЛЛИН