Алматылықтардың назарына: Жаңа аптаның мәдени шаралары

Алматылықтардың назарына: Жаңа аптаның мәдени шаралары

Құрметті алматылық тұрғындар және қаламыздың қадірменді қонақтары, бүгін біз сіздерді жаңа аптаның еншісіне тиіп отырған түрлі мәдени жиындар мен шаралардан құлағдар етпекпіз. 

«Шындықтың шиеленісуі» («Переплетение реальностей») фотокөрмесі

Өтетін орны: «Тәңірі Ұмай» галереясы (Панфилов көшесі, 103)

Өтетін күні: 11 маусым, сағат 17.00

Фотокөрмеде қаламыздың өткен жарты жүзжылдықта түсірілген суреттері қолданылады. Көпшіліктің назарына фотокөрмені ұйымдастырушылар ондағы суреттерді қайта өңдеп ұсынбақ. Фотокөрменің мақсаты – өткен өмірмен диалогты нығайта отырып, елдің археологиялық мұрасын сақтап, оны болашақ ұрпақтың санасына дәріптеу. Сарапшылар ретінде фотокөрмеге сәулет өнері мен дизайн саласындағы мамандар қатыспақ. Көрме 25 маусымға дейін жалғасады. Айтпақшы, фтоткөрмедегі құнды дүниелермен танысу ақысыз.

Америкалық классикалық кинофильмдердің көрсетілімі

Өтетін орны: "Бекмамбетов-синема" кинотеатры («Алмалы»сауда орталығы)

Өтетін күні: 11 маусым, үш ай бойы сағат 19:00

Алматы қаласындағы Америка Құрама Шататтарының бас елшілігі Bekmambetov Cinema кинотеатрымен біріге отырып екінші рет «Америкалық классикалық кинофильмдердің көрсетілімін» ашық деп жариялайды. Көрсетілім Bekmambetov Cinema кинотеатрында үш ай бойы сағат 19.00-де  көрсетілетін болады. Әйткенмен кинофильмдер өндіруші тараптың тілінде сөйлейді. Ал дәл бүгін, яғни сейбенбінің кешінде "Вестсайдская история" атты барлық уақыттың да классикалық туындысына айналған әрі сценарий желісі махаббатқа құрылған атақты мюзиклді көре аласыздар.

Сазгер Мұқан Төлебаевтың 100 жылдығына арналған концерт

Өтетін орны: Жамбыл атындағы Филармония (Қалдаяқов, 35 Төле би көшесімен қиылысқан)

Өтетін күні: 13 маусым, сағат 18:30

"JAZZYSTAN FRANCE" концерті

Өтетін күні: 14 маусым

Франция мәдениетінің күні аясында ұйымдастырылатын фестивальде тек қана «ескі мектептің» француздық ди-джейлері ғана емес, сонымен қатар париждік "Cotonete" тобының орындаушы шеберлері де өнер көрсететін болады. "Cotonete" тобының репертуарында джаз да, жетпісінші жылдардағы латын музыкасы да бар.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: news.mail.ru

А. Әбілхан