Аватар, троллинг, спам

Аватар, троллинг, спам

Аватар, мем, троллинг пен спам – осының бәрі бүгінде біздің сөздік қорымызға әбден сіңген терминдер. Бүгін аталған неологизмдер қалай пайда болды және шын мәнісінде танымал Интернет терминдері нені білдіреді деген сауалға жауап іздемекпіз.

Троллинг

Онлайн тролль көбіне мысқылдап тұрған бейне ретінде суреттелсе, сөздің өзі француздың ескірген етістігі «troller»-ден  бастау алады. Бұл сөз «аңшылық кезіндегі шарлау» деген мағынаны береді. Ал ағылшын тілінде «trolling» сөзі «жеммен балық аулау» деген мағынаға ие.

Яғни тәжірибесі молырақ интернет қолданушысы өзінен әлсіздерді жанжалдасуға итермелейді. Сонымен бірге, «тролль» зат есімі скандинавиялық мифологияда жағымсыз жанды бейнелейді.

Аватарлар


Желіде біздің басқа келбетке ауысуымызды білдіретін сөздің айтарлықтай сырлы шығу тегі бар. Ол санскрит тіліндегі «аватара» терминінен пайда болған және құдайдың аспаннан жер формаларына ауысуы деген мағынаны білдіреді.

Ағылшын тілінде бұл термин 18 ғасырда хинди тілінің арқасында пайда болды және тек 1992 жылы аталған сөз америкалық жазушы-фантаст Нил Стивенсонның «Лавина» (Қар көшкіні) кітабында қолданылып, технологиялық мағынаны иеленді.

Хэштегтер


1920 жылдары Америкада # белгісі салмақтың фунт қасындырғандағы шартты белгісі ретінде қолданылды. Басқа елдерде ол нөмір белгісі немесе тор белгісі ретінде танымал болды.

Алғаш рет аталған белгіні Bell Labs компаниясындағы телефония саласының инженерлері жалпы функция символы ретінде қолдана бастап, оны «октоторп» деп атаған екен.

Қазіргі таңда хэштегтер Twitter, Instagram секілді әлеуметтік желілердің арқасында көпшілікке танымал.

Мем


«Мем» сөзі 1976 жылы ағылшын профессоры Ричард  Докинзаның «секілді», ұқсастық», еліктеушілік» деген мағынаны білдіретін ежелгі грек тіліндегі  «μίμημα» («мимем») қысқартылған сөзінен алынған «Эгоистичный ген» атты кітабында пайда болды. «Мем» сөзі кітапта дәстүрлі табыстау бірлігі болып табылатын тұқым тәрізді.

Кейінірек «мем» ойнатылатын, түрленетін және жетілетін вирус секілді ғаламтор арқылы бір адамнан екінші біреуге таралатын интернет феномендерінің біріне айналды. Ол ақпараттан, идеядан, видеодан немесе фотосуреттен тұрады.

Спам


«Спам» термині алғаш рет 1970 жылы «Летающий цирк Монти Пайтона» атты британдық шоудың комедиялық сериясында пайда болды. 

1980 жылдардың басында қандай да бір онлайн пікірталасты тоқтатқысы келген кез келген адам тосқауыл қою мақсатында бір сөзді бірнеше рет көшіретін болған. Содан бері «спам» сөзі контентті  өшіріп тастау әрекетін білдіретін термин ретінде қолданыла бастады.

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: kak-kak.ru, infoniac.ru

Ж. FM