The Spirit оf Tengri этникалық музыка фестивалі өтті

The Spirit оf Tengri этникалық музыка фестивалі өтті

Кеше, 8 маусым күні Алматыда The Spirit оf Tengri атты тұңғыш халықаралық  этникалық музыка фестивалі өтті. 

Музыка стилімен ерекшеленген фестивальға түрлі елдерден 12 танымал музыкалық ұжым қатысты. Кейбіреулері өз елінде танымал болса, басқалары халықаралық сахналарға шығып үйренген. Оларды ортақтастырған – ұлттық этникалық музыка. 

Алтай Республика­сының әйгілі қайшысы Болот Байрышев ұллтық киімге киініп, ұлттық ән орындады.

Сахалық Юлиянаның әні де, киімі де бәрінен ерекше болып, көпшілікті қуантты.

Таулы Шо­риядан Чылтыс 

Өзіміздің сүйікті Алдаспан тобы қазақ тілінде, электро домбыраға салынған этно–рок әндерін орындады. 

Фестивальға қатысушы қырғыз әншісі Гүлзада

Әйгілі бурятияалық Намгар әншісі мен біздің отандас орындаушы Найя.

Қазақстандық орындаушылар Қорлан мен Аяулым дайындық үстінде.

Жетіген дыбысы қатысушы топтар мен әншілердің көбісінің этно туындыларында болды.

Жиналған жұрт бұндай рухани әндер мен тірі дауыстан таң қалды.

Тіпті жас көрермендерге этно нағыштағы әндер ұнауда

Айта кетсек, The Spirit оf Tengri Tengri FM радиосы мен СТВ телеарнасының бірлескен жобасы. Жобаның мақсаты – Алтай мен Саяннан Сібірге, Оралдан Орталық Азияға дейінгі жерлердің этникалық музыка орындаушыларының шығармашылық байланысына жол ашып, осы саланың дамуына үлес қосу. 

Дайындаған және суретке түсірген: Сания Аринова

С. А