Азия біріншілігіне қатысатын зілтеміршілер анықталды

Азия біріншілігіне қатысатын зілтеміршілер анықталды

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Ни Астанада өтетін Азия біріншілігіне қатысатын спортшылардың тізімін анықтады.

Тізімнің ішінде Қытай елінен келген екі зілтемірші бар екен. Олар – 56 келі салмақтағы Арли Чонтей мен 62 келі салмақтағы Фархад Харки. Ал қалған спортшылардың барлығы дерлік Қазақстанда туып-өскендер. Сонымен ауыр атлетикадан Азия біріншілігіне қатысатын Қазақстан құрамасының толық тізімі мынадай.

Қуаныш Рахатов (69 келіге дейін) -  2010 жылғы жастар арасындағы Әлем біріншілігің қола жүлдегері. Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы.

Кирилл Павлов (77 келі) – 2010 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері. 2011 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы. 2012 жылғы Лондонда өткен Олимпиада ойындарының қатысушысы.

Ербол Мейірманов (85 келіге дейін) – 2009 жылғы жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері.

Александр Зайчиков (94 келіге дейін) – 2009 жылғы жастар арасындағы Әлем біріншілігінің күміс жүлдегері. 2011 жылғы жастар арасындағы Әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2012 жылғы Қазақстан Чемпионы. Лондонда өткен Олимпиада ойындарының қатысушысы.

Сергей Истомин (105 келіге дейін) – 2006 жылғы жасөспірімдер арасындағы Әлем біріншілінің күміс жүлдегері. 2009 жылғы Азия чемпионы. 2010 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері, 2011 жылғы Азия біріншілігінің қола жүлдегері, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. 2008 жылғы Бейжіңдегі Олимпиада ойындарының қатысушысы.

Ибрагим Берсанов  (105 келіден жоғары) – 2009 және 2012 жыдардағы жастар арасындағы Әлем чемпионы, 2012 жылғы Қазақстан чемпионы.

Қыздар:

Маргарита Елисеева (53 келіге дейін) -  Қазақстан чемпионы.

Карина Горичева (63 келіге дейін) – 2011 жылғы жастар арасындағы Әлем біріншілігінің күміс жүлдегері, 2012 жылғы Қазақстан чемпионы.

Жазира Жаппарқұл (69 келіге дейін) – 2010 және 2012 жылғы Әлем чемпионы, 2013 жылғы Әлем біріншілігінің күміс жүлдегері, Қазақстан чемпионы.

Анна Нұрмағамбетова (75 келіге дейін) – 2011 жылғы жастар арасындағы Әлем біріншілігінің күміс жүлдегері, Қазақстан чемпионы, Олимпиада ойындарына қатысушы.

Александра Аборнева  (75 келіден жоғары) – 2006 жылғы жастар арасындағы Әлем біріншілігінің күміс жүлдегері, Азия ойындарын қатысушы.

Надежда Ногай  (75 келіден жоғары) – Үш дүркін Әлем чемпионы (2010, 2012, 2013). 2013 жылғы жастар арасындағы Әлем чемпионы.

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: vesti.kz

А. Құлтай