Интернет махаббаты

Интернет махаббаты

Бүгінде көп жандар онлайн арқылы өз дос, жақындарын, махаббаттарын тауып жатады. Чикаго университетінің ғалымдары мынадай тоқтамға келіп отыр: әлеуметтік желі арқылы таныстық арадағы қарым-қатынасты берік әрі ұзақ уақытқа тату-тәтті күйінде ұстауға көмектеседі.

Сауалнама жүргізу барысында анықталғаны - жаңа заман жұптарының 35 пайызы интернет арқылы танысқан екен. Ол қатарда интернет қолданушыларының (45 пайыз) жартысына жуығы екінші жартыларын дәл сол интернеттен тапқанға ұқсайды. Және ең басты қызығы: интернет-жұптар арасындағы ажырасу ақиқат өмірде танысып, екіге айырылысқан жұптарған қарағанда екі есе төмен болып шыққан.

Ғалымдардың ойынша, әлеуметтік желі арқылы танысқан сыңарлардың көбіне жастары үлкен әрі материалдық мүмкіншіліктері жоғары болып келетін көрінеді. Сондықтан да арадағы байланыстың мығым болуы содан болуы мүмкін. Некеге тұру, содан да болса керек, жауапты шешім болып жатпақ.

Интернеттегі таныстыққа сен қалай қарайсың?

Cурет:uli4ka-forever.com 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига