Samsung Galaxy S4 смартфоны ең үздік деп танылды

Samsung Galaxy S4 смартфоны ең үздік деп танылды

Әртүрлі құрылғыларды зертханалық сынақтан өткізіп, оларға өздерінің тәуелсіз бағасын беретін әлемдегі ең беделді басылымдардың бірі Consumer Reports Samsung Galaxy S4 смартфонын ең үздік құрылғы деп таныды. 

Сарапшылар Samsung компаниясының осы өніміне "әлемдегі Android-смартфондарының ішіндегі ең жетілгені" деп баға берді. Смартфон осы атаққа көптеген параметрлері, оның ішінде жоғары мүмкіндікті камерасы арқасында жетіп отыр. Samsung смартфоны бұл бәсекеде осыған дейін ең үздік деп танылған LG Optimus G құрылғысын басып озды. 

1

Consumer Reports өзінің жасаған қорытынды есебінде смартфонның барлық мүмкіндіктеріне баға берген. Оның ішінде 5-дюймды Full HD дисплейін және қолдың қимылымен басқарылатын, сондай-ақ қолғаппен сенсорды басуды тани алатын мүмкіндіктерін жоғары бағалаған екен. 

Сарапшыларға сондай-ақ телефонның екі бірдей қосымшаны қатар қоса аталын және де ИК-порт көмегімен девайстың әртүрлі теледидарларды және басқа да ТВ-құрылғыларды қашықтан басқара алатын пульт қызметін атқаратын мүмкіндіктерін де ерекше атап өткен. Оларды телефон камерасынан шыққан суреттердің сапасы да бейжай қалдырмапты.   

Ал девайстағы ақпараттарды қабылдау, дауыс жіберу және автономды жұмыс уақытының сапасына келер болсақ, онда олар жергілікті операторға тікелей байланысты болмақ. Соңғы жағдай LG Optimus G телефонын сынау барысында да анықталған еді. 

Мамандар Samsung Galaxy S4 телефонын әлемдегі Android-смартфондары арасынан сатылымы ең көп құрылғы болады деп болжап отыр. Оның үстіне осы аптада Samsung бір айдың өзінде жаңа смартфонның әлем бойынша 10 миллион данасы сатылып үлгергенін хабарлады.  

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: polyany.com.ua, techotv.com

 


Б. Қосмағамбет