Рух мықтылығы!

Рух мықтылығы!

Ма Ли жастайынан балерина болуды арман етті. Алайда тағдырдың тәлкегіне ұшырап, он тоғыз жасқа толған кезде көлік апатының кесірінен бір қолынан айрылып қалды.

Ал, Тао Сяо бір аяғын станок шайнап кеткенше қара жұмыс жасайтын еді.

Ол сосын балеринаны жолықтырды...

Ма Ли оған жақындап барды да: «Билегенді ұнатасың ба?», - деп сұрады. Жас жігіт болса билей алмайтынын жасырмай айтты. Сол кезде Ма Ли алғашқы сұрағын тағы да қайталап қойды. Тао болса бір аяқпен қалай билейтінін білмесе де, ештеңеден қорықпастан «иә» деп жауап берді. Ма Лидің жалықпас жаттығуларынан кейін Таоның да ынтасы арта түсті. 2005 жылдан бастап қытайлық жұп дайындыққа дендеп кірісе бастады.

Бес минуттық қойылым үшін олар жыл бойы үздіксіз дайындық жасады. Әрине еңбектері еш кетпеді. Олардың тамаша өнері аяқ-қолсыз да билеуге болатынын дәлелдей түскендей. Өнерге деген махаббат, өмірге деген махаббат жеңіп шығуға тиіс еді. Ли мен Тао ұлттық би жарысында екінші орынға ие болып, жеті мыңдай үміткер қатысқан жарыстан көрермен көзайымы аталымын еншіледі. Олар сахнадан шыққан кезде залдағы көрермендер аяғынан тік тұрып, қошемет білдірді...

Қытайлық жұптың биі:

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: adme.ru

Ш. Талап