18 ақпан - Әмір Темірдің дүниеден өткен күні

18 ақпан - Әмір Темірдің дүниеден өткен күні

Тарихи деректерге сүйенсек, 1405 жылдың 18 ақпанында барлас руынан шыққан Орта Азия жаһангері Әмір Темір өмірден өткен. 

Ол Шағатай ұлысының хандарына шабуыл жасап, тәуелсіз өз мемлекетін құрды. Шыңғыс ханның тікелей ұрпағы болмаған соң, өзін "хан" емес "әмір" деп атаған. Әмір Темір Тоқтамыс ханмен ұзақ жылдар бойы соғыс жүргізді. 

14 ғасырдың 70 жылдарынан бастап оның аты әлемге мәшһүр бола бастады. Орталық Азия мен Осман империясы аймағына Ақсақ Темір атымен танылса, ирандықтарға Тимурленг, ал еуропалықтарға Тамерлан есімімен белгілі болды. Әмір Темір әскерлері Хорезм мемлекеті мен Шығыс Түркістанды, Хорасан  мен Гератты, Сұлтания мен Қандағарды, Тебриз бен Иранды және Ауғанстанды толық бағындырды. Алтын Орданы табандарының астына жықты. Ал 1398 жылы Үндістан елі басып алынды. Сирия мен Лубнан мәмлүктері бағындырылды. Басқа да толассыз жеңістер нәтижесінде Әмір Темірдің алып империясы — Темір мемлекеті құрылды.

Көптеген дерек көздері Темірдің 1405 жылы 18 ақпанда Қытайға жорыққа шыққанда Отырар жерінде көз жұмғанын растайды. 

Сүйегі Самарқандағы Гүр-Әмір кесенесіне қойылған.

Бүгіндері әлемге әйгілі болған ескерткіш - қасиетті Қожа Ахмет Яссауи кесенесін салдырған да Әмір Темір еді...

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: uzb.ucoz.ru

А. Әбілхан