Қазақстанның саяси тарихындағы елеулі оқиғалар

Қазақстанның саяси тарихындағы елеулі оқиғалар

Ресейдің І Мемлекеттік Думасына (1906 жылы 26 сәуірден-8шілде) Қазақ өлкесінен Ә.Бөкейханов, А.Бірімжанов, Н.Е.Дыхныч, С.Жантөрин, В.И.Ищерский, Ә.Кәлменов, Б.Құлманов, Н.Я.Коншин, Ш.Қосшығұлов, И.П.Лаптев, В.В.Недоносков, Д.Туындыт, М.Тайынұлы бірінші депутаттар болды.

Ресей автономистер съезінде 1905 жылы болашақ Қазақстанның ұлттық-мемлекеттік өзін анықтау идеясын бірінші болып аса көрнекті инженер, ғалым-тарихшы Мұхамеджан Тынышпаев ұсынды (1879-1937). Ол Қоқан автономиясының бірінші премьер-министрі болды.

Мұхамеджан Тынышпаев

Бірінші ұлттық автономиялар (Қоқан автономиясы және Алаш Орда) 1917 жылы ақырында жарияланды.

Семей қаласы Алаш Орда автономиясының бірінші астанасы (саяси орталығы) болды.

Алаш Орда Халық Кеңесін 1917 жылы желтоқсанда Әлихан Бөкейханов (1870-1937) бірінші басқарды. Қазақстанда 1999 жылы өткен қоғамдық акция негізінде Әлихан Бөкейханов «Ғасыр адамы» деп танылды.

Әлихан Бөкейханов

Тұңғыш социал-демократтық бағыттағы «Жас қазақ» жастар ұйымы ақпан төңкерісінен кейін 1917 жылы Ақмолада құрылған. Сәкен Сейфуллин оның төрағасы болды.

Қырғыз (қазақ) АКСР Кеңесінің бірінші Құрылтайшы съезі 1920 жылы 4-12 қазанда Орынбор қаласында өтті. Съезд Қырғыз (қазақ) АКСР еңбекшілерінің құқық Декларациясын қабылдады және Қазақ Автономиялы Кеңес Социалистік Республикасы құрылғанын жариялады.

Қырғыз (қазақ) АКСР Орталық Атқару Комитетінің (ОАК) бірінші төрағасы 1920 жылы Сейтқали Меңдешев (1882-1937) болды.

Сейітқали Меңдешев

Қазақстанның тұңғыш үкіметі – ҚАКСР Халық Комиссарлар Кеңесі 1920 жылы қазанда құрылды. Оған Виктор Радус-Зенькович (ХКК төрағасы), Мұхамедхафий Мырзағалиев (ішкі істер халық комиссары), Ғұбайдолла Әлібеков (заң халық комиссары), Михаил Шамов (денсаулық сақтау халық комиссары), Сақыпкерей Арғаншиев (әлеуметтік қамсыздандыру халық комиссары), Василий Харлов (жер игеру халық комиссары), Иван Мартынов (азық-түлік халық комиссары), Нестор Калашников (қаржы халық комиссары), Вячислав Покровский (ауыл шаруашылық Кеңесінің төрағасы), Николай Баландин (жұмысшы-шаруа инспекциясының халық комиссары), Исаак Заромский (еңбек халық комиссары), Александр Коростелев (байланыс жолдары халық комиссары), Александр Авдеев (әскери комиссар), Ахмет Байтұрсынұлы (ағарту ісі халық комиссары) кірді.

Қазақстанды басқарған бірінші және жалғыз әйел Мария Костеловская (1878-1964) болды. 1921 жылдың шілде айында ол Қырғыз (қазақ) обком РКП(б) бірінші хатшысы қызметін атқарады.

Мария Костеловская

Бірінші рет Қырғыз (Қазақ) АКСР Кеңестері 5-съезінде (15-19 сәуір 1925 жыл) қазақ халқының – қазақ деп, өлкесі – Қазақстан деп аталуы қалпына келтіріледі, республика ҚазАКСР деп атала бастады, 1936 жылдан – ҚазКСР.

Тұңғыш рет Қазақстан өзінің егемендігі туралы 1990 жылы 25 қазанындағы Декларацияда мәлімдеді. Бұл Республика күні (2009 жылға дейін) деп жарияланды.

Қазіргі Қазақстанда мемлекеттік сыйлықтар тұңғыш рет 1993 жылы 1 сәуірінде «Мемлекеттік сыйлықтар туралы» арнайы Заңды қабылдауымен бекітілді. Қазақстан ордендерінің бірінші иегерлері 1994 жылы қазанда төмендегілер болды:
«Отан» ордені – С.Дрожжин, Ә.Нұрпейісов, Н.Тілендиев, С.Шәймерденов;
«Парасат» ордені – Г.Бельгер, Н.Қайыпова, И.Щеголихин;
«Құрмет» ордені – К.Жанатов, А.Зайцева, В.Сидоров, Ә.Тарази;
«Даңқ» - Қ.Мейірманов, В.Смирнов, А.Сорокин.

Қазақстан Республикасы бірінші және жалғыз вице-президенті Ерік Мағзұмұлы Асанбаев болды (1991-1996 ж.ж.)

Тәуелсіз Қазақстанның бірінші Премьер-министрі Сергей Терещенко (1991-1994 ж.ж.) болды.

Сергей Терещенко

Қазақстан тарихындағы ең қысқа мерзімде – 1962 жылдың қыркүйегінен желтоқсанға дейін – Мәсімхан Бейсебаев (1908-1987) Қазақстан үкіметін басқарды. Дегенмен екі жылдық үзілістен кейін ол қайтадан осы қызметте 1964-1970 ж.ж. аралығында істеді.

Үкімет басшысы қызметінде ең ұзақ мерзімде Социалистік еңбек ері, Ұлы Отан соғысына қатысқан Байкен Әшімов отырды. Ол осы қызметте 14 жыл – 1970-1984 ж.ж. жұмыс істеді.

Байкен Әшімов

Қазақстан Республикасының бірінші мемлекеттік хатшысы қызметін 1996 жылы Ахметжан Есімов атқарды.

Тәуелсіз Қазақстандағы ең жас министр Өмірзақ Шөкеев (1964 ж. туған) 1995 жылы қарашада Экономика министрлігін басқарды.

Тәңірберген Бердонғаров 2004 жылы 28 жасында Парламентке сайланып, Мәжілістің ең жас депутаты болды.

Үкімет мүшесі қызметінде ең көп үзіліссіз жұмыс істеген қазіргі кезде Владимир Школьник болып табылады. 1994 жылдың тамызынан 2007 жылдың қаңтарына дейін әртүрлі министрлікте басшы қызметін атқарған.

Владимир Школьник

Қамалатин Мұхамеджанов ең аз мерзімде үкімет құрамында болған. Ол ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі лауазымында екі ай – 2006 жылы қаңтарынан наурызға дейін отырған. Алдыңғы рекорд – үш ай – оны 2004 жылы вице-премьер Григорий Марченко орнатқан.

Осы лауазымға 1977 жылы тағайындалған және 2004 жылы желтоқсанында босатылған Сәтбек Дулатбеков ең ұзақ уақыт (27 жыл) Жоғарғы сот мүшесі болды.

Бір ведомствоны ауыспай жетекшілік етуден рекордты Бақыт Оспанов орнатты – 1993 жылы маусымынан 2007 жылдың қарашасына дейін ол Жер қатынастары мен жерге қоныстану комитеті, агенттігіне жетекшілік еткен.

Бақыт Оспанов

Ғалымжан Жақиянов Семей облыстық әкімшілігінің басшысы қызметіне 31 жасында 1994 жылы маусымында сайланып, ең жас әкім болды.

Сурет: kk.wikipedia.org, yvision.kz

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina