Жердің құны қанша екенін білесіз бе?

Жердің құны қанша екенін білесіз бе?

Ғалымдар табиғи қазбалардың ретсіз өндіріле беруінен экологиялық тоқыраудың болатынын талай рет ескертіп айтқан. Пайдалы қазбалардың Жердің оңтүстік жартышарына қарағанда солтүстік жартысынан көптеп қазылып алынуы Жердің тұрақты салмағын жоғалтуына алып келеді екен. Дегенмен жақсы жаңалықтар да бар. Жер әзірге өте қымбат тұрады екен. Америкалық астрофизик Жердің бағасын есептеу үшін ерекше теңдеу құрастырыпты.

Калифорния университетінің ғалымы Грег Лафлин өз формуласында Жердің көлемін, жасын, температурасын және ондағы адамға қажет пайдалы заттарды ескерген. Осылай Жердің құны бес квадриллион екенін анықтаған. Ал көрші ғаламшарлар қолайлы атмосферасының жоқтығынан біршама арзан болып шығыпты.

Айта кетсек, болашақта адам баласына пана болатын Марс ғаламшары әзірге 14 мың АҚШ долларына бағаланыпты. Неге сонша аз деп ойлайтын шығарсыз?Себебі, бұл ғаламшарда адам скафандрсыз жүретін болса, оның басы жарылып кетеді. Ал Шолпанның атмосферасы тіптен нашар. Сондықтан, оның құнын есептеудің де қажеті болмапты.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: ru.wikipedia.org

Ж. Өрісбай