Телеграфты ойлап тапқан суретші

Телеграфты ойлап тапқан суретші

Сэмюэл Морзе 34 жасына дейін суретші болған және техникамен мүлде айналыспаған. 1825 жылы Сэмюэлге өз әйелінің ауыр науқастанып жатқаны жайлы әкесінен хат келеді. Морзе тездетіп, Вашингтоннан Нью-Хейвенге асығады. Дегенмен, үйіне жеткенге дейін әке-шешесі оның әйелін жер қойнауына жіберіп үлгерген болатын. Осы жағдай Морзені көп толғандырады. Морзе жылдам хабарламаларды жеткізудің жолын табу мақсатында, физикаға үңіліп, 1838 жылы телеграфты ойлап табады. Сосын Морзе әліппесін де құрастырады.

Америкалық суретші әрі өнертапқыш

Морзе ауқатты жанұяда дүниеге келген. Филипс Академиясында оқу оқып жүргенде әкесі оның бойындағы дарынды байқап, 1807 жылы Йель университетіне ауыстырады. Дегенмен, Сэмюэл ғылымға қызықпай, достарының миниатюраларын салумен айналысады.

Телеграфты іске қосу кезінде

Суретші

Сурет салуға қанық болып, тамсана білген жас суретшіге Бостон қаласында көпшілік қауым сый құрметпен қарайтын. 1811 әке-шешесі қарсы болғанына қарамай, Англияға барып, Суретшілердің Корольдік Академиясына оқуға түседі.

Морзе импрессионист ретінде өте дарынды суретшілердің бірі болған болар еді. Бірақ, ол сол кезде өте беделді болып табылған портрет жанрын өзіне негіз етіп алады. Себебі ХІХ ғасырдың бірінші ширегінде портрет құны өте қымбат еді. Айта кетсек, бір портретті Морзе 60 АҚШ долларының көлемінде (қазір құнмен $800) сататын болған. Ал Морзе аптасына төрт портрет салушы еді.

­­Өнертапқыш

Оның техникаға деген көзқарасы теріс болмайтын. Студент кезінде де электр энергиясына қатысты лекцияларға барып тұрған. Сол кезде алған білімімен ол магниттен шыққан ұшқынды сым арқылы тасымалдау мүкіндігіне ие болады. Оны тәжірибе жүзінде қарастырып көреді. Өз ағасы Ричард Морзенің үйінің шатырын өзіне зертхана етіп алады. Электромагнитті телеграфты ойлап тапқаннан кейін, оны патенттеуге асығады. Ол Еуропаға барып, телеграфты жаңалық ретінде ұсынған кезде, электромагнитті телеграфтың әлдеқашан шығып қойғанын есітеді. Англияда Уитсон, Францияда Стейнхейл, ал Ресейде Шиллинг есімді барон әлдеқашан бұл жаңалықты ашып, жаппай қолданысқа енгізіп үлгерген екен. Сәтсіздікке ұшыраған америкалық өнертапқыш Вашингтонға қайтып оралады.

Алғашқы телеграфтың көрінісі

Сосын қайта телеграфты тәжірибе жүзінде іске асыру мақсатында демеушілерді тауып, алға қойған мақсатына жетеді. Кезінде Александр Белл телефонды ойлап тапқанымен, өз әйелі мен анасына мүлде телефон соға алмаған екен. Себебі олардың құлағы керең болған. Сол секілді Морзе де өз жаңалығын ашқанымен, әйелінің жаназасына кешігіп қалғанын артқа қайтара алмайтын еді.

Ендеше Морзенің қолынан туындаған суреттерді тамашалауды ұсынамыз.

Джеймс Монро портреті, Вашингтон, Ақ Үй

Миссис Джеймс Ладсон портреті, 1818 жыл

Кіші мисс Хон портреті, 1824 жыл

Лувр Галереясы, 1831-32 ж.ж. Чикаго

Френсис І, 1831-32 ж.ж., Лувр мұражайы

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: www.telegraph-history.org

Ж. Өрісбай